Шиелі ауданы әкiмдiгiнiң
2025 жылғы «_16__» маусымдағы № _171__қаулысымен бекітілген
«Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1) Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Б.Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) «Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) «Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Нартай өнер үйі» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны;
«Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шиелі ауданының әкімдігі болып табылады.
Егер мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның миссиясы негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
1) ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау, дамыту әрі тарату;
2) ауданның мәдени-рухани дамуының жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған мәдени шаралар жүргізу;
3) мемлекеттік және Қазақстанда бар басқа да тілдердің қолдануы мен одан әрі дамытылуының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
2) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
4) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
5) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
6) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің күрделі жөндеу жұмыстары мен күрделі шығыстары бойынша тапсырысшы болады;
7) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
8) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған ауданық деңгейдегі іс шараларды жұргізеді;
9) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердің, ауылдық окруктердің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныс енгізеді;
10) кәсіпкерлік және жеке субъектілердің маңдайшаларындағы атаулардың «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңға (грамматикалық, орфографиялық, стилистикалық) сәйкестігін зерделейді
11) маңдайшаларды орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады
12) аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің құжат айналымдарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне ай сайын мониторинг жүргізеді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
14) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану бойынша жұмыстар жүргізеді.
«Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Б.Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының функциялары:
1) концерттік қызметті белгіленген тәртіппен ұйымдастыру, түрлі театрлардың, көркемдік ұжымдардың және жеке орындаушылардың гастрольдерін өткізуге көмектесу;
2) мәдени-шығармашылық қызмет туралы облыстық және аудандық бағдарламаларды, халық шығармашылығын дамыту жөнінде әдістемелік көмекші құралдар мен нұсқаулықтарды, мәдени-шығармашылық және ұйымдастыру жөнінде тәжірибелерді, мәдени-көпшілік жұмыстардың жаңа түрлері мен әдістерін тарату;
3) Қазақстан халықтарының халық шығармашылығының дәстүрлі жанрларын насихаттау, рухани мұраларды жаңғырту;
4) фестивальдер, конкурстар, семинарлар өткізу және қолөнер шеберлерінің, суретшілердің, фотоәуесқойлардың көрмелерін ұйымдастыру;
5) кәсіпорын мәдени және өзге де ақылы қызмет ұсыну есебінен кіріс әкелетін қызметпен айналысу.
«Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) кітапханалардың барлық білім салалары бойынша кітап қорларын толықтыру жұмыстарын, тұрғындарды кітапхана, кітапханалардың мәдени-көпшілік шараларды өткізуін ұйымдастыру;
2) қоғамның әлеуметтік, азаматтық және кәсіби белсенділігін арттыру үшін оқырмандардың ұлттық, жас ерекшеліктерін, олардың сұраныстарын есепке алып, жаңа білім алу мақсатында ақпараттық ресурстар қорын толықтыру және жаңарту;
3) кітап қорын есепке алу, барынша пайдалану, сақтау, қамтамасыз ету, санитарлық-гигиеналық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
4) ауылдық, аудандық кітапханаларына көшпелі әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, оқырмандармен жұмыс және әдебиеттерді насихаттау мен әдістерінің жетілдірілуіне ықпал ету.
«Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Нартай өнер үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының функциялары:
1) балалардың жеке басының дамуына, денсаулығын нығайтуына, кәсіптік бағдарын айқындауына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
2) балаларды қоғам өміріне бейімдеу;
4) өскелең ұрпақтың сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
5) жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершіліктің берік тірегін қалыптастыру, жеке дамуы үшін жағдай туғызу жолымен интеллектін байыту;
10) эстетикалық білімнің белсенді насихаттаушыларын тәрбиелеу, мәдениет және өнер жөніндегі арнайы оқу орындарына түсу үшін ерекше дарынды балаларды даярлау.
1) мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар беруге;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
5) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
6) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
3-тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;
2) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
3) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімді мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынады;
6) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
7) ведомостволық бағынысты мекеме, кәсіпорын басшыларын заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
8) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
9) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
10) Қазақстан Республкасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
«Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
«Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын «Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімі» комуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату