Лого

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» КММ

2025 жыл бойынша

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі
«Шиелі ауданы әкімінің аппараты» КММ

 

(Мекеме атауы)

 

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

1

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларының 27-тармағына сәйкес тәртіптік теріс қылықтың түрлерін айқындап, нәтижесімен тәртіптік жаза қолдану көзделген.

Мәселен, мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасаған сәтте алынбаған тәртіптік жазасы болса, заңнама талаптарына сәйкес қатаң жазалар қолдану көрсетілген. Алайда, персоналды басқару қызметінің маманы тәртіптік жаза қолдану барысында бұл талаптары қасақана немесе абайсыздан есепке алмаған жағдайда мемлекеттік қызметшіге жеңіл тәртіптік жаза қолдануға мүмкіндік туындайды.

Бұндай деректер соңғы 3 жылда орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары.

«Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімі» КММ

2

Шиелі ауданының

Бюджетті жоспарлау секторының меңгерушісі

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығына сай бюджеттік инвестициялық жобаларды, негізгі құралдарды жөндеуді  (жобалық сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысын) талап ететін жобаларды қоспағанда, 159 ерекшелік бойынша ғимараттарды, орын-жайларды жабдықтарды және басқа негiзгi құралдарды ұстау бойынша қызметтер көрсетуге жоспарланған шығыстарды негiздеу үшiн дефектi актiсi мен сметалық құжаттама қоса берілетіндігі көрсетілген. Алайда аталған қызметтер мен жұмыстарға жобалау сметалық құжаттар бойынша мемлекеттік сараптамалардың қорытындылары алынбайтындықтан және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарда  жобалау сарапшы мамандар көзделмегендіктен жобалау сметалық құжаттамаға негізсіз шығындар қосылып, жобаның қымбат бағада ұсынылу тәуекелі бар. «Мысалы ғимараттарды, орынжайларды ағымдағы жөндеу бойынша ұсынылған жобалық сметалық құжаттамада орындалатын жұмыстардың тізбесінен ауытқу немесе орындалатын жұмыстардың қайталануы сияқты бұзушылықтар орын алуы ықтимал».

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы жоғары

 

«Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімі» КММ

3

Бөлімнің бас маманы (мемлекеттік сатып алулар бойынша)

ҮЕҰ өкілдеріне арналған мемлекеттік сатып алуды өткізу.

ҮЕҰ өкілдеріне арналған мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде техникалық ерекшелікті белгілі бір қоғамдық бірлестікке арнап жариялау. (Мысалы: жұмыс тәжірибесі, жұмыс өтілі т.б)

Мұндай деректер орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу ықтималдығы бар.

«Шиелі ауданының жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ

4

Мемлекеттік қызметті көрсететін мамандар және жауапты мамандар

(сектор меңгерушілері және бас мамандар)

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларының               27-тармағына сәйкес тәртіптік теріс қылықтың түрлерін айқындап, нәтижесімен тәртіптік жаза қолдану көзделген.

Мәселен, мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасаған сәтте алынбаған тәртіптік жазасы болса, заңнама талаптарына сәйкес қатаң жазалар қолдану көрсетілген. Алайда, жұмыспен қамту және әкімшілік секторының маманы тәртіптік жаза қолдану барысында бұл талаптары қасақана немесе абайсыздан есепке алмаған жағдайда мемлекеттік қызметшіге жеңіл тәртіптік жаза қолдануға мүмкіндік туындайды.

Бұндай деректер 2023 жылдар кезеңінде орын алмаған, дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігінің ықтималдығы төмен.

«Шиелі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ

 

 

5

Шиелі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй секторының меңгерушісі

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

Коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға берілген тұрғын үйлерді жекешелендіру барысында қолданыстағы заңнамалар мен қағидаларға сәкес тұрғын үйді өтеусіз беруге немесе қалдық құнымен беруге басымдық берілетіндігі нақты айқындалмаған.

Сол себепті, бөлімнің тұрғын үй секторы қызметкерлері, сондай-ақ аудан әкімдігі жанынан құрылған тұрғын комиссиясымен шешім қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

Ішкі талдау кезеңінде мұндай деректер орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары

«Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» КММ

6

Бас маман

Техникалық инспекция саласы бойынша

Қызмет көрсету барысында қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасында тікелей байланыстың болуы және артықшылықтардың орын алуы ықтимал.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы                №4-3/269 бұйрығының                     3-тармағына сәйкес,   «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнаулы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу» қызметі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органында (көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік (уақытша) тіркеуде тұрған машиналар жылына бір рет мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өтуі тиіс

деп көрсетілген.

2022 жыл мен 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында бұндай жағдай орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі ықтимал.

 

Бас маман

Жер саласы бойынша

«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасына сәйкес, құжаттардың толықтығын тексереді.  ҚР Жер кодексіне сәйкес, жер учаскесінің бөлінетіндігіін немесе бөлінбейтіндігін айқындайды, заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді, құжаттарын дайындайды.

Қағидаға сәйкес қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі, сол себепті қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасында тікелей байланысты болуы және қызмет көрсету барысында артықшылықтар орын алуы ықтимал.

 2023 жыл бойынша мұндай жағдай орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі ықтимал.

«Шиелі ауданының кәсіпкерлік және  өнеркәсіп бөлімі» КММ

7

Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы

 

Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік индустралды-инновациялқ даму бағдарламасы бойынша жобалар ұсыну, «Өңірлік инвестициялық орталық» «2021-2025 жылдарға арналған» кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламалары бойынша жұмыстар жүргізу

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы 2014 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысымен құрылды.

Тәжірибеде жобаларды іріктеу үшін Бақылау кеңесінде қаралатын жобалар Орталықта қолма-қол тәртіппен немесе тікелей жинақталады.

Осы ретте, кей уақыттардажобалардың кезектілігін сақтау және бұрын тікелей тіркелген жоба жетекшілерінің жобалары Бақылау кеңесінің отырысынан тыс қалу мүмкін. Бақылау кеңесінде қаралатын жобалардың реттілігін сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін осы жұмыстарын электрондық форматқа көшіру.

Қажет болған жағдайда арнайы ақпараттық жүйе құрып, Бақылау кеңесінде қаралатын жобаларды сол жүйеде қалыптастыру

2023 жыл бойынша  бұндай жағдай орын алған алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі.

«Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ

8

Бас маман. Техникалық қадағалаушы – тапсырыс берушінің объектідегі өкілі

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы
2 сәуірдегі №178 «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функциаларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту» туралы бұйрығына өзгерістер енгізіп, құрылыс жұмыстарын орындау кезеңінде, ай сайынғы рәсімделген орындалған жұмыстар актісінен
(2-нысан) тапсырыс берушінің қол қою құқығын алып тастау ұсынылады.

Бұл ретте,  техникалық қадағалаушының жауапкершілігін арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау мүмкіндіктерін жояды деп есептейміз.

Ішкі талдау кезеңінде бұндай деректер орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары.

«Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ

 

9

Бөлім басшысы

Бағынысты құрылымдық бөлімшелердің басшыларын (азаматтық қызметшілерді) қызметке тағайындау және босату

Бөлімнің Ережесіне сәйкес бағынысты  құрылымдық бөлімшелердің басшыларын қызметке тағайындайды. ҚР Еңбек кодексінің 139-бабының 1-тармағына  сәйкес азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен не конкурс бойынша жүзеге асырылатындығы көрсетілген. Яғни  құрылымдық бөлімшелердің басшыларын қызметке тағайындау әдісін таңдау барысында мемлекеттік органның басшысы өз қалауы бойынша шешімдер қабылдау өкілеттілігі бар.

Орташа

«Шиелі ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекетті мекемесі

10

Бөлім басшысы

Бағынысты құрылымдық бөлімшелердің басшыларын (азаматтық қызметшілерді) қызметке тағайындау және босату

Бөлімнің Ережесіне сәйкес бағынысты  құрылымдық бөлімшелердің басшыларын қызметке тағайындайды. ҚР Еңбек кодексінің 139-бабының 1-тармағына  сәйкес азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен не конкурс бойынша жүзеге асырылатындығы көрсетілген. Яғни  құрылымдық бөлімшелердің басшыларын қызметке тағайындау әдісін таңдау барысында мемлекеттік органның басшысы өз қалауы бойынша шешімдер қабылдау өкілеттілігі бар.

Орташа

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы