

2021-2025 жылдарға арналған дамыту бағдарламасы жөніндегі Ұлттық жобаның жүзеге асырылуы туралы
АНЫҚТАМА
Статистикалық мәліметтер бойынша ауданда экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 501, жұмыспен қамтылған халық саны
34 668 (жалдамалы жұмысшылар 17 668, өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 17 000), жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыз немесе 1833 адамды құрады.
Мансап орталығына 2025 жылы 2446 азамат
жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, 179 азамат тұрақты жұмыс орындарына орналастырылса, 731 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына (ақылы қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, күміс жас) тартылды.
Бизнес-идеяларды дамытуға қайтарымсыз гранттар беру жоспарына сәйкес 166 азаматқа 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз гранттар беру жоспарланып отыр.
«Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан портал арқылы (skills.enbek.kz) 20 азамат онлайн түрде оқып, 20 азамат сертификаттарын алды.
Ағымдағы жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 65 азаматты жолдау жоспарланып, 12 азамат жолданды, «Күміс жас» жобасына 90 адамды жолдау жоспарланып, 21 адам жолданды.
Жастар практикасына 380 азаматты жолдау жоспарланып, 371 азамат
(2024 жылдан келісімшарты өтпелі 325, 2025 жылы жолданғаны 46) уақытша негізде жұмысқа жолданды.
Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 810 азаматты жолдау жоспарланып, 652 азамат әр түрлі техникалық құжаттарды түптеу-реттеу, санитарлық тазалық, жұмыстарына жолданып, жұмыс жасауда.
Өңірлік жұмыспен қамту картасы» шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар туралы 2025 жылы аудан бойынша жүзеге асырылуы жоспарланған жобалар - 24 жоба. Жобалар бойынша жоспарға сәйкес
173 жаңа жұмыс орны құрылуы тиіс. Оның 15–ы тұрақты,
158 уақытша орын.
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесін
65 пайызға ұлғайту белгіленген.
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысатын кәсіпорындар құрамындағы жеке сектордың үлесін ұлғайту 2025 жылы субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға 153 мекемемен қаржыландыру шарттары жасалды оның ішінде 88 жеке сектордағы мекеме немесе 57,5 пайызды құрады.
2025 жылы жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында
35 жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарланды.
Мемлекет басшысының экономикалық өсімді қалпына келтіру және Қазақстандықтардың нақты табыс деңгейін арттыру аясында 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылға 969 жұмыс орны жоспарланып отыр.