

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спорттың даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген . Шиелі ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар спорттың 24 түрімен 32506 адамды қамтылып үлесі 38 пайызды құрайды. Үстіміздегі жылғы меже және осы мемарандумға сәйкес аудан бойынша бұқаралық спортпен шұғылданушы тұрғындарды 38 % жеткізу болып табылады.
Ауданда 11 олимпиадалық (ауыр атлетика, баскетбол, бокс, волейбол, гандбол, грек-рим, дзюдо, еркін күрес, жеңіл атлетика, таэквандо, футбол), 4 ұлттық спорт түрлері( асық ату, қазақ күрес, тоғызқұмалақ, көкпар), 8 олимпиадалық емес спорт түрлерімен (белбеу күресі, греплинг, дойбы, қол күресі, фитнес, футзал, шахмат, кикбоксинг.)шұғылданады.