Кент аумағындағы жерлердің тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын бақылау және жер кезегін жылжыту мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылды.

Шиелі ауданы әкімінің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 50-ө өкіміне сәйкес, кент аумағындағы жерлердің тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын бақылау және жер кезегін жылжыту мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылды.

Қазіргі таңда жұмысшы топ тарапынан кент аумағындағы жер телімдеріне зерделеу және мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Мониторинг барысында келесі мәселелер қаралуда:
✅ Жер кезегін жылжыту: Игерілмей бос жатқан жерлерді анықтап, оларды мемлекет меншігіне қайтару арқылы жер кезегінде тұрған азаматтардың сұранысын қанағаттандыру;
✅ Мерзімі өткен жерлер: Пайдалану мерзімі өтіп кеткен жер телімдерін анықтау;
✅ Нысаналы мақсат: Жер телімдерінің берілген мақсатына сай пайдаланылуын қадағалау;
✅ Инженерлік желілер: Инфрақұрылымы (су, жарық, газ) жүргізілмеген аумақтарды анықтап, тиісті мекемелермен бірлесе отырып заңсыздықтарды жою жұмыстарын жүргізу.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде анықталған заңсыздықтар бойынша тиісті актілер толтырылып, ҚР Жер кодексінің талаптарына сәйкес жер телімдерін қайтару және заңдылықты қалпына келтіру шаралары қабылданады.

Бұл жұмыстар кентіміздің дамуына және жер телімдерінің әділ бөлінуіне тікелей септігін тигізеді    

Дата публикации
12 марта 2026