
2023 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес халық саны 36 265, экономикалық белсенді халық саны 11 739, жалпы жұмыссыздар саны 874, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 10 865 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 7,4 пайызды құрап отыр. 2023 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сәйкес, жыл басынан жұмыспен қамту мәселесі бойынша хабарласқандар саны 735, тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 133, жұмысқа орналасуы 18,1 пайыз, әлеуметтік жұмыс орындарына 21 адам, жастар тәжірибесіне 33 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар 500 адам. Қазіргі таңда, атаулы әлеуметтік көмек барлығы 471 отбасына тағайындалды. Шиелі кентінде, 9 мектеп, 2 жеке мектеп, 1 интернат, 1 колледж, 1 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана, 1 емхана, 1 балаларды оңалту орталығы, 52 мемлекеттік және жеке бала бақша, 4 жабық спорт кешені, 1 аудандық, 1 ауылдық мәдениет үйі, 3 кітапхана, 1 өнер орталығы, 1 оқушылар үйі, 1 тарихи өлкетану музейі, 22 мемлекеттік мекемелер бар.