
Ауыз су бойынша елді мекеніндегі ішкі су құбыры желілері пайдалануға беріліп, қазіргі таңда тәлігіне 24 сағат бойы кент тұрғындары түгелдей таза ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 2023 жылы Бурабай көшесіне ауыз су құбырлары жүргізіліп пайдалануға берілді.
Аяқ су мәселесі бойынша Шиелі кентінің аумағына «Сырдария» өзенінен 22 бекет арқылы келетін, тұрғындарды аяқ сумен қамтамасыз етіп отырған «Базар» және «Байсары» арықтары «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “Табиғат” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны» теңгерімінде. Базар арығының жалпы ұзындығы 8400 метр, 2016 жылы 2886 метріне темір-бетонды науа (лоток) салынған. Темір-бетонды лоток салынбаған жері 5514 метр. Базар арығының темір-бетонды науа (лоток) орнатылмаған бөлігіне «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» арқылы 2023 жылға облыстық бюджеттен жоба сметалық құжаттамасын әзірлеуге 6 млн 200 мың теңге қаражат бөлінген. 2023 жылғы 30 наурызда жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін «Aspan Tau LTD» ЖШС –мен 5 млн 613 мың теңгеге №17 келісім-шарт жасалған. 2023 жылы 4 қыркүйекте «Базар» арығына науа орнату жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан шыққан. Жобалық құны 553 млн теңге болатын науа орнату жұмыстарын жүргізу үшін «Облыстық экономика басқармасына» бюджеттік өтінім берілген. Аталған жұмысты бастау үшін 4 млн теңге қаражат 2023 жылға жоспарланған, қалған қаржы өтпелі кезеңмен 2024 жылға қаралған. Байсары арығының жылпы ұзындығы 2881 метр, 2017 жылы 1949 метр бөлігіне темір-бетонды науа (лоток) салынған. Темір-бетонды науа (лоток) салынбаған жері 932 метр. «Байсары» арығының темір-бетонды науа (лоток) орнатылмаған бөлігіне «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» арқылы 2023 жылға облыстық бюджеттен жоба сметалық құжаттамасын әзірлеуге 3 млн 353 мың теңге қаражат бөлінген. 2023 жылғы 30 наурызда жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін «Aspan Tau LTD» ЖШС –мен 3 млн 018 мың теңгеге №12 келісім-шарт жасалған. «Байсары» арығына науа орнату жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамаға алдағы уақытта ұсынылады. Каналдардың жалпы ұзындығы 11 281 метр, Оның ішінде лоток орнатылғаны: 4835 метр, лоток орнатылмағаны: 6 446 метр. Кент ішілік аяқ су арықтары тереңдетіліп, қордаланған қоқыстардан толық тазартылып, аяқ су өз деңгейінде жеткізілуде сондай ақ, М.Шоқай, С.Сейфуллин, Досбол Датқа, Ж.Қонаев пен Жайлыбаев аралығы көшелеріне аяқ су арықтарына темір бетонды лоток орнату жұмыстары жүргізілді.