
Шырайлы да киелі Шиелі жері небір тума таланттылар мен дарындыларға, ақын, әнші, композитор, академик, жазушыларға толы. Бес ғасыр адамы дүниеге келген шежірелі өлкеде киелі шаңырақ саналатын – «Арман мәдениет үйі» КМҚК-ның алар орны ерекше. Бұл мәдениет үйі 1991 жылы бой көтерген. 2015 жылдың 1 қарашасына дейін «Қазатомөнеркәсіп» «ҰАК» АҚ «Қазатомөнеркәсіп – Демеу» ЖШС-нің еншісінде болған. 2007 жылдың 11 тамызында «Қазатомөнеркәсіп» «ҰАК» АҚ қолдауымен Шиелі кенті Көкшоқы мөлтек ауданында «Арман» мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, халық игілігіне қолданысқа берілді. Қазіргі таңда жеке бу қазандығы арқылы газбен жылытылады. 2015 жылдың 2 қарашасынан бастап Шиелі кенті әкімі аппаратының «Арман мәдениет үйі» КМҚК болып жұмыс атқаруда. Мәдениет ошағында 30 адам 28 штаттық (4 маусымдық) бірлікте жұмыс жасайды. Мәдени қызметкерлер саны – 14. Әкімшілік-шаруашылық жөніндегі мамандар саны – 3. Оның ішінде (есепші – 1, кадр маманы – 1, әкімшілік-шаруашылық қызмет жөніндегі менеджер – 1) Жүйедегі қызметкерлер саны – 9. Оның ішінде (қарауыл – 3, қызметтік үй-жайларды тазалаушы – 3, аула тазалаушы – 1, слесарь-сантехник – 1, вахташы – 1) Маусымдық штатта (қазандық қондырғылардың машенисті – 3, гардеробшы – Мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасына тоқталар болса; 7 домбыра, 6 дана дыбыс күшейткіш аппаратурасы, 114 ұлттық киімдер, оның ішінде: әйелдерге арналған ұлттық киім – 88, ерлерге арналған – 26, 8 компьютер, 6 принтер, 2 ноутбук, 1 фотоаппарат, 1 бейнекамера, 2 монитор, 1 мультимедиялық проектор, 1 кинопроектор, 1 лэд экран. Бүгінгі таңда мекемеде 10 үйірме жұмыс жасайды. «Арман» би үйірмесі, «Сырлы бояу» қолөнер және сурет үйірмесі, «Жеті нота» ән және вокал үйірмесі, «Сымбат» сұлулық үйірмесі, «Аманат» сахналық қойылым мен көркемсөз оқу үйірмесі, «Әсем саз» домбыра үйірмесі, «Арман-Асыл аналар» ансамбльі, «Сырлы саз» ұлт-аспаптар ансамбльі және 2022 жылдан бастап көптің сұранысымен «Алтын саксофон» үйірмесі жұмыс жасап келеді.
2021, 2022, 2023 жылдардағы өткізілген ауқымды іс-шаралар:
2021 жылдың 27 қазанында Шиелі кенттік «Арман» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында би-шешен Бала бидің 210 жылдығына орай «Дәуір дүлдүлі Бала би – шешендік өнер шырағы» атты облыстық ғылыми-танымдық конференциясы және «Мың жылдық мирас» атты кітіаптың тұсаукесері өтті. Шараның басы би-шешен, ойға жүйрік, тілге шебер, тапқыр Бала бидің билік етуіндегі көрініспен басталды. Республикалық, облыстық, аудандық конкурстардың лауреаты, айтыскер ақын Әмірхан Елдар арнау арнады. Конференцияда аудан әкімінің орынбасары Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының кандидаты Боранбай Болат Елтайұлы, «Сыр бойы» газетінің журналисті, «Мың жылдық мирас» кітабының авторы Дүйсенбек Аяшұлы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Оразалиева Гүлжанар Ибадуллақызы және Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Әбутегі Бекболат Темірәліұлының баяндамалары тыңдалды. Конференция соңында ұсыныс пікірлер айтылып, баяндамашылар аудан әкімі Мақұлбеков Нариман Әскербекұлының «Алғыс хатымен» марапатталып сый-сияпат ұсынылды. 2021 жылдың 1 қарашасында Шиелі кенттік «Арман» мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында би-шешен Бала бидің 210 жылдығына арналған «Сөз зергері – Бала би» атты облыстық әнші- жыршы-термешілер фестивалі өтті. Фестивальде Сыр бойы жыраулық дәстүрін әлемге танытып жүрген жыршы-жыраулар өнертанушы, жыршы Марат Сүгірбай, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Күнсұлу Түрікпен, Нұртілек Ақтаев, Айдар Үсенов, Амандық Жаппарбердиев, Нұрай Өркенбек, Бақыт Тоғжан, Бексұлтан Орынбасаров, Әлішер Мырзағалиев, Абылайхан Бектасов, Ізбасхан Дәулетхан сынды өнерпаздар қатысты. Бірінен соң бірі орындалған жыр-терме тыңдаушысын бей-жай қалдырмады. Дүлдүлдеріміздің туындыларын нақышына келтіре орындап, құлақ құрышын қандырған өнерпаздардың өнерін жұртшылық бір сағат бойы тапжылмай тыңдап, рухани күш-қуат алды. Бұл кеш көрермендерге жақсы әсер қалдырды. Кеш соңы өнерпаздарға арнайы диплом табыстаумен аяқталды. 2021 жылдың 27 қарашасында Шиелі кенті әкімі аппаратының қолдауымен, «Арман мәдениет үйі» КМҚК-ның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кием!» атты республикалық поэзия фестивалі өтті. Шарада 15 ақын өнер көрсетті. Республикамызға белгілі Айтбай Мөлдір, Дауылбай Мақсат, Кәдірбай Ғабит, Мұқат Перизат, Әлімжан Әлішер, Батырхан Сәрсенхан, Мұхиден Ботакөз, Бердіқожа Назгүл, Тәңірбергенов Ұлықпек, Сабыржан Ахан, Қалиева Айбану, Жаңабай Зылиха, Сайлауов Айдар, Яхуда Аружан, Бекжігіт Ержан қатысып, бұрын жарияланбаған арнау өлеңдерін жыйылған қауымға ұсынды. Фестиваль соңында аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов өнерпаздарға шығармашылық табыс тілеп, дипломмен және қаржылай марапаттады. 2022 жылдың 26 сәуірінде Шиелі кенті әкімі аппаратының қолдауымен «Арман мәдениет үйі» КМҚК-ның ұйымдастыруымен қазақтың опера өнерінің негізін салушылардың бірі, КСРО халық әртісі Күләш Байсейітованың 110 жылдығына орай «Сайра бұлбұл» атты облыстық вокалистер байқауы өтті. Байқауға аудандардан ең үздік өнерпаздар қатысып, бақтарын сынады. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Жаңақорғандық Алимұса Сұңқар иемденді. І орынды Шиелі ауданының өнерпазы Дәурен Беркімбаевқа бұйырды, ІІ орынды Қармақшылық Ерлан Наргиз жайғасса, ІІІ орынды Шиелілік Қасымхан Азамат пен Самал Жұбандықова жеңіп алды. Жүлделі орын иемденген барлық талапкерлерге дипломдар мен ақшалай сыйлық табысталды. 2022 жылдың 13 шілдесінде «Арман» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Балалар жылы аясында Сырдың бас ақыны Махамбетқали Тұрсановтың 85 жылдығына арналған «Жарқылдап өткен алдаспан, Махамбетқали марқасқам» атты облыстық оқушылар айтысы өтті. Аламан айтыста 10 оқушы (5жұп) өнер көрсетті. Ақындарымыз кіші болса да ірі сөздерімен, көңілге қонымды ұсыныстарымен елді тәнті етті. Махамбетқали Тұрсановты дәріптей отыра, көңілді, тартысты айтыс көрсетіп, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Бірінші кезеңнің қорытындысымен финалға 6 ақын жолдама алып, екінші кезеңде Құлмамбет айтысы бойынша бақ сынады. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша бас жүлдені Елдар Әмірхан (Шиелі ауданы), І орын Дильназ Ержігіт (Шиелі ауданы), ІІ орын Мұхамедали Абдуллаев (Жаңақорған ауданы), ІІ орын Ұлықбек Бектай (Қызылорда қаласы), ІІІ орын Олжас Азатжанұлы (Шиелі ауданы), ІІІ орын Біржан Сандыбай (Қызылорда қаласы) қанжығалады. Жүлдегерлерімізге ақынның ұрпақтары демеушілік етіп, жеңімпаздарды ақшалай сыйлықпен қамтамасыз етті. Ауданымыздың жеке кәсіпкерлері де бұл шарада бас көтеріп, ақындарымызға қаржылай сыйлық ұсынды. Нартай Бекежанов атындағы арнайы жүлде – Ерасыл Сейтжанұлы (Арал ауданы). Бұл жүлдеге ауданымыздың жас кәсіпкері Дәурен Жұманазарұлы демеушілік жасады. Шахмардан Есенов атындағы арнайы жүлде – Нұржігіт Бихожа (Қызылорда қаласы). Демеушілік жасаған айтыскер ақын Иранғайып Күзембаев. Құрманбек Бекпейісов атындағы арнайы жүлде – Өміртай Есебай (Қазалы ауданы) Демеуші ұлы Мұхаммедәлі Бекпейіс Әбдіманап Шорабаев атындағы арнайы жүлде – Ердәулет Орынбасар (Қармақшы ауданы). Әбдіманап Шорабаев атындағы жүлдеге Әбдіғани Шорабаев демеушілік жасады. 2022 жылдың 22 қазан күні Шиелі кенттік «Арман» мәдениет үйінде есімі елге белгілі Сыр бойының саңлағы, қарымды қаламгер, қайраткер азамат, туған топырағының тарлан тұлғасы, ақын Дүйсенбі Смайыловтың 90 жылдығына арналған «Дәуір Дүлдүлі Дүйсенбі» атты облыстық жас ақындар мүшайрасы өтті. Игі шараны аудан әкімінің орынбасары Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы ашып беріп, жас ақындарымызға сәттілік тіледі. Байқауға облысымыздың түпкір-түпкірінен келген 15-21 жас аралығындағы жас ақындар қатысты. Жыр мүшайрасында 13 ақын Ұлы Тұлғаның өмір жолын, өмірлік ұстанымын өлеңдеріне арқау етті. Айтыскер ақын Талғат Күзенбаев жүйріктей тепсініп мәре сызығында тұрған ақындарымыздың шабытына шабыт қосып, жырдан шашу шашты. Қарымды қаламгердің өмірінің өткен беттерін парақтаған жастар қара сөздің түйінін тұшымды ойларымен жеткізе білді. Жазба ақындар сайысының қорытындысы бойынша Бас жүлдені Қызылорда қаласының ақыны Асқар Әли Жомартұлы иеленсе, бірінші орын жерлесіміз Елдар Әмірханға бұйырды. Ал екінші орынға Қызылорда қаласының жас ақыны Нұрадин Аружан ие болды.Үшінші орынды Қызылорда қаласының ақыны Санақұл Бексұлтан мен Жалағаш ауданынан келген Мейіржан Қартбай өзара бөлісті. Сондай-ақ салмақты ойын әсерлі ұйқаспен өрнектеген өзге қатысушыларға шабыттандыру сыйлығы тарту етілді. Мүшайраға қатысқан барша талапкерлерге Д.Смайыловтың ұрпақтары атынан ақшалай сый-сияпаттар табысталды.
2023 жылдың 27 ақпанында «Арман» мәдениет үйінде Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына арналған «Қазаққа аты мәшһүр Иманжүсіп» атты республикалық әнші-жыршылар фестивалі өтті. «Сырлы саз» халық аспаптар ансамблінің сүймелдеуімен Иманжүсіптің «Сарымойын» әні, Нартай Бекежановтың «Нартайдан нақыл» жыр термесімен бастау алды. Әрі қарай сахналық қойылыммен жалғасып, Иманжүсіптің өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнеролик көрсетілді. Аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов қатысушыларға сәттілік тілей отырып, шараны ашып берді. Халықтың асыл перзенті, асқақ рухты асау мінез әнші, компазитор, өршіл ақын Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына арналған фестивалге Қазақстанның түкпір-түкпірінен Астана, Павлодар, Шымкент, Қызылорда қалаларынан, Арал, Қазалы аудандарынан жыршы-термешілер Иманжүсіптің әндерін жаңғырта орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Шашты ата ру төрағасы Қарымтаев Рахманберді Мүптилдаұлы және Дүйсеманов Қали ата алғыс айтып, баталарын берді. Иманжүсіп Құтпанұлының немересі педагогика ғылымдарының докторы Нұрханқызы Раушан апайымыз арнайы келді. Атамыздың ұрпағы , шамшырағы Раушан апайымыздан Иманжүсіп жайлы тың деректер естіп қанығып қалдық. Аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов келген қонақтар мен өнерпаздарға алғыс хат пен сый-сияпаттарын табыстап кешті қорытындылады. Иманжүсіп Құтпанұлының иірімге толы, кең тынысты, жоғары диапазонды қажет ететін музыкалық мақам саздары, сол әуенге лайықтап жазылған өлең жыр мұрасы ел ішінде сақталған. Сол мұраға ие болып оны жаңашалап, келешек өнер иелеріне аманаттау шараның негізгі өзегі болды деп ойлаймыз.
«Арман» мәдениет үйінің 2021, 2022, 2023 жылдардағы жетістіктеріне келер болсақ:
2021 жылы Алматы қаласындағы «Жеті өнер» атты шығармашылық орталығының Арман мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Мәңгілік ел мақтанышы» атты Республикалық рухани-патриоттық байқауында «Арман» би тобы Бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар дәл осы байқауда «Жеті нота» ән және вокал үйірмесінің оқушылары вокал номинациясы бойынша Талғат Саяна, Абдукаримова Ақниет, Жапбар Ғаділбек Бас жүлдені қанжығалады. «Тәуелсіздік-тірегім, теберегім!» атты Халықаралық өнер байқауында Абай Нұрсәт Бас жүлдені иеленді. «Менің елім» атты облыстық патриоттық ән байқауында Дәулетқызы Назым Бас жүлдені иеленді. ІІІ Халықаралық «ALASH STAR» - өнер байқауында «Сырлы бояу – шебер» үйірмесінің оқушысы бейнелеуден Мұхамедқали Тоғжан Нұрланқызы бас жүлдені иеленді. XV Халықаралық «ALASH STAR» өнер байқауында Асылбек Кәусар бас жүлдені иеленді. Астана қаласында өткен онлайн Халықаралық «ALASH STAR» өнер байқауында Жұманазар Гаухар Сержанқызы қолөнер номинациясы бойынша бас жүлде, Асылбек Кәусар Айдосқызы бейнелеу номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді. 2022 жылы «Әр бала жұлдыз» атты халықаралық онлайн байқаудан «Сырлы бояу шебер үйірмесінің оқушысы Құралбаева Айзере Гран при иеленді. ІІІ Республикалық «Қарлығаш» онлайн конкурс балалар мен жасөспірімдер байқауында қолөнер номинациясы бойынша Жұманазар Балым Бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар Астана қаласында өткен Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған Халықаралық вокалдық конкурсында «Жеті нота» ән және вокал үйірмесінің жетекшісі Беркімбаев Дәурен Роза Бағланованың отбасының атынан «Арнайы жүлде» иеленді. Республикалық «Ата мұра» орталығының ұйымдастыруымен «АРТ Бәйтерек» атты офлайн байқауынжда Бейнелеу номинациясы бойынша Ким Александр Бас жүлдені иеленді, дәл осы байқауда Сән үлгі номинациясы бойынша Құралбаева Айзере Бас жүлдені иеленді. Республикалық Ата мұра» орталығының ұйымдастыруымен «Ақ желен» және «Жас дәурен» атты офлайн байқауларында Абдуғапбарова Кәусар бас жүлдені иеленді. «Ұлы дала ұрпағы» атты Республикалық байқауда «Жеті нота» ән және вокал үйірмесінің оқуысы Шымкент Жомарт бас жүлдені иеленді, сонымен қатар би номинациясы бойынша «Арман» би тобы бас жүлдені иеленді. Бейбітшілік әлемі Халықаралық Қазақ Творчествалық Бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бабалар рухы – үн қатты» атты Халықаралық дәрежеде өткізілген өнер байқауында «Алтын саксофон» үйірмесінің жетекшісі Алмасбекұлы Әділжан Бас жүлдені иеленді. Республикалық Ата мұра» орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы дала ұрпағы» атты офлайн байқауды Жұманазар Балым бас жүлдені иеленді. 2023 жылы «Жаңа жылым жарқыра!» атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы онлайн өнер байқауында «Арман» би тобы Бас жүлдені иеленді. Республикалық «Самғау» өнер байқауында «Арман» би тобы Бас жүлдені иеленді. Республикалық «Самғау» өнер байқауында «Жеті нота» ән және вокал үйірмесінің оқушысы Арыстанбекова Айсұлу вокал номинациясы бойынша Бас жүлдені иеленді. «ZHULDUZ ART» Халықаралық байқауынджа «Сырлы бояу – шебер» үйірмесінің оқушысы Ким Александр Бас жүлдені иеленді. Әшімхан Оспановтың 70 жылдығына орай «Өмірі – өнер, ғұмыры – ғибрат» атты үздік клуб қызметкерлері арасында өткізілген облыстық байқауда «Арман» мәдениет үйінің аккомпаниаторы Өміржан Мінуаров Бас жүлдені иеленді.