Меню

Страницы

Статья

Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бөлімінің 2020 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Есепті мерзімде «Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына тиісті министрліктерден келісім алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен 2020 жылғы 6 наурызда «Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы» № 874 қаулысы шықты.
Сондай-ақ, Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы (4 объекті бойынша) ұсыныстар Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізілді.
Ағымдағы жылдың 12 наурызында облыстық ономастика комиссиясының №1 отырысы өткізіліп, 3 объектіге оң қорытынды берілді. Нәтижесімен, «Қызылорда облысының білім беру ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы» облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешім жобасы әзірленіп, Қызылорда облыстық мәслихатының 42-сессиясының қарауына ұсынылды.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау бағытында берген тапсырмасын іске асыру жөнінде облыстық іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді (14.01.2020 жылғы №03/1-6/204).
Іс-шаралар жоспарына сәйкес, ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 28 маусымдағы №454 қаулысына жеке және заңды тұлғалардың Мемлекеттік туды патриоттық сезімді білдіру үшін еркін пайдалана алатындығы жөнінде заңға өзерістер енгізілгендігі туралы «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт апталығы», «Қазалы», «Жалағаш жаршысы», «Қармақшы таңы», «Тіршілік тынысы», «Толқын», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттерінде ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бап талаптарына сәйкес облыс көлемінде ақпараттық-түсіндірме және насихат жұмыстарын жүргізудің жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілді (13.01.2020 жылғы №03/1-6/205).
Жұмыс жоспарына сәйкес Қызылорда қаласы мен аудандардағы ақпараттық-түсіндірме және зерделеу жұмыстары жүргізілетін нысандар мен сауда үйлерінің кестесі әзірленді.
Мемлекеттік сатып алу порталына жарияланған конкурстың құжаттары сарапталып, тиісті баллдық бағалар берілді, сондай-ақ, мемлекеттік рәміздерді пайдаланатын мекемелер туралы мәліметтер дерекқоры жаңартылды, ономастика, мемлекеттік рәміздер мен көрнекі ақпаттар бойынша жылдық есептер мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы ақпараттар әзірленіп, жоғарғы органдарға жолданды.
Есепті мерзімде облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының жеке қабылдауларына ономастика саласы бойынша материалдар әзірленіп, бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне мерзімінде жауаптар берілді.
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 30 топонимикалық атау енгізілді.

Дата публикации
03 апреля 2020
Дата обновления
03 апреля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 июля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ақпарат
09 февраля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ережелер мен рәсімдер
12 июня 2025
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы