Үкіметтік емес ұйымдар.
Облыста ҮЕҰ жүзеге асыратын әлеуметтік жобаларға мониторинг жасалды. Сондай-ақ өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың базасы жаңартылды. 2020 жылы Қызылорда облысында 996 ҮЕҰ (443-бірлестік, 294-қор, 259-филиалдар мен өкілдіктер) тіркелген. Оның ішінде 454 белсенді жұмыс жасайды. 2020 жылы облыстық бюджеттен әлеуметтік жобаларға 62 миллион 778 мың теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 39 миллион 164 мың теңгеге 5 жоба іске асырылуда. Жобалар 4 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Ақпараттық бағыт бойынша - 1 жоба, Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша – 1 жоба, қоғамдық келісім бойынша – 2 жоба, азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған – 1 жоба.
Саяси партиялар.
Саяси партиялардың облыстық филиалдарының базасы жаңартылды. 2020 жылы Қызылорда облысында 6 Аймақтық саяси партиялардың филиалдары (комитеттер мен өкілдіктер) тіркеліп, жұмыс істейді, саяси партияларда 70 мыңнан астам адам тіркелген. «Nur Otan» партиясы - 44 718 адам, «Aq jol» демократиялық партиясы – 6 925 адам, «Ауыл» ХДПП – 10 763 адам, «ҚКХП» - 5 456 адам», «Бірлік» париясы - 360 адам және «ЖСДП» - 3000 адам.
Қоғамдық-саяси маңызды маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары.
2020 жылға арналған облыстың қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары әзірленіп, бекітілді. Күнтізбелік жоспар 286 шарадан тұрады (оның ішінде 25 мерейтойлық, 65 еске алу шаралары). Есепті мерзімде күнтізбелік жоспарға сәйкес 44 ірі көлемді шара өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған облыстық кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Іс-шаралар жоспарына бағдарламаның және қоғамдық сананы жаңғыртудың басым бағыттарын қамтыған шаралар енгізілді. Бағдарлама аясында 2020 жылы БАҚ-та 10 000-нан астам материалдар жарияланатын болады.
Есепті кезеңде бағдарлама аясында өңірде 685 шара ұйымдастырылып, БАҚ-та 1983 материал жарияланды.