Қызылорда облысында 2020 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 82 млн. теңге қаржы бөлінді.
Тіл саясатын іске асыруда Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ жеке тұлғаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылуда.
Есепті мерзімде тіл орталығы арқылы барлығы 291 адам, оның ішінде 125 адам мемлекеттік тілді, 89 адам орыс тілін, 77 адам ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 179 қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары» бекітілді.
Басқарманың тапсырысымен облыстық «Qyzylorda» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен халық арасында жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелерін түсіндіру және осы бағытта атқарылған жұмыстар барысымен таныстыру мақсатында «Тілтаным» телебағдарламасы тоқсан сайын көрсетілуде.