Меню

Страницы

Статья

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысы

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө өкімімен құрамында мемлекеттік органдар басшылары, мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ, зиялы қауым өкілдері бар 9 облыстық ақпараттық топ (129 адамнан жасақталған) құрылған. Сондай-ақ, қала және аудан көлемінде 44 ақпараттық-насихаттық топ (7 аудан және Қызылорда, Байқоңыр қалалары) құрылып, оған барлығы 259 мүше енгізілді.

Ақпараттық топтармен Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын өңірде ілгерілету, халық арасында түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында облыс бойынша есепті мерзімде 8275 шара ұйымдастырылып, 99 140 тұрғын қамтылды.

Президент Жолдауын насихаттауды алға жылжыту мақсатында жыл соңына дейінгі өңірлік медиа-жоспар әзірленіп, жүзеге асырылуда.         

  Есепті мерзімде медиа-жоспар аясында және облыс бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын насихаттау мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 2591 материал жарияланды. Олардың ішінде баспа басылымдарда     755 мақала, интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде 1406 материал жарияланса, телеарналар эфирінде  430 сюжет көрсетілді.

Сонымен бірге, Жолдауды түсіндіру мақсатында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтетін брифинг кестесі құрылып, 40 брифинг өткізілді.

Сондай-ақ, Жолдаудың басым бағыттарына ақпараттық қолдауды күшейту мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына өңірдегі қоғамдық пікір көшбасшыларынан, ҮЕҰ өкілдерінен, сала мамандарынан және т.б құрылған спикерлер тізімдері жасақталып, жолданды. Бүгінгі күні жергілікті БАҚ-та
200-ге жуық спикердің пікірі жарияланды.

Дата публикации
03 марта 2020
Дата обновления
03 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 июля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ақпарат
09 февраля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ережелер мен рәсімдер
12 июня 2025
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы