Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.
Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары электронды «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады.
Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардарлығын арттыру болып табылады.
Тұрғындар үшін облыс әкімдігінің ресми сайтында http://e-kyzylorda.gov.kz/kk/blog арнайы сілтемесі орналастырылып, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша хабарласу мүмкіндігі жасаған.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө өкімімен құрамында мемлекеттік органдар басшылары, мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ, зиялы қауым өкілдері бар 9 облыстық ақпараттық топ (129 адамнан жасақталған) құрылған. Сондай-ақ, қала және аудан көлемінде 44 ақпараттық-насихаттық топ (7 аудан және Қызылорда, Байқоңыр қалалары) құрылып, оған барлығы 259 мүше енгізілген.
Ақпараттық топтармен Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын өңірде ілгерілету, халық арасында түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында облыс бойынша жыл басынан бері 8275 шара ұйымдастырылып, 99140 тұрғын қамтылды. Президент Жолдауын насихаттауды алға жылжыту мақсатында жыл соңына дейінгі өңірлік медиа-жоспар әзірленіп, жүзеге асырылуда.
Есепті мерзімде медиа-жоспар аясында және облыс бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын насихаттау мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 2591 материал жарияланды. Олардың ішінде баспа басылымдарда 755 мақала, интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде 1406 материал жарияланса, телеарналар эфирінде 430 сюжет көрсетілді.
Сонымен бірге, Жолдауды түсіндіру мақсатында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтетін брифинг кестесі құрылып, 40 брифинг өткізілді.
Сондай-ақ, Жолдаудың басым бағыттарына ақпараттық қолдауды күшейту мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына өңірдегі қоғамдық пікір көшбасшыларынан, ҮЕҰ өкілдерінен, сала мамандарынан және т.б құрылған спикерлер тізімдері жасақталып, жолданды. Бүгінгі күні жергілікті БАҚ-та 200-ге жуық спикердің пікірі жарияланды.