Меню

Страницы

Статья

Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бөлімі бойынша 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Ономастика және көрнекі ақпаратты  бақылау бөлімі бойынша 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2019 жылғы 28 қаңтарда облыс әкімі аппаратының мәжілісінде Мемлекеттік Елтаңбаны латын графикасында жазылған Елтаңбамен ауыстыру мәселелері қаралып, мемлекеттік мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді.

Бұл ретте, Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай қолданылуын зерделеу мақсатында басқарма жанынан құрылған ведомствоаралық инспекциялық топ жыл ішінде 301 мекемеге зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесімен 58 мекемеде анықталған кемшіліктер заң талабына сәйкестендірілді.

Есепті мерзімде инспекциялық топтың жүргізген жұмыстары 2 рет облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның отырыстарында қаралды.

Мемлекеттік рәміздерді пайдалануда заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша барлық мемлекеттік мекемелерге әдістемелік құралдар таратылды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай  облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес Мемлекеттік рәміздер аллеясында «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты облыстық патриоттық шара өткізілді.

Сондай-ақ, өңірде лицензиаттар дайындаған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін мониторингілеу және  пайдалану (сатып алу) жағдайларын анықтау мақсатында Техникалық реттеу және метрологоия комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, 35 мекемеге мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген мониторинг қорытындысымен облыстағы мемлекеттік мекемелердің пайдаланып отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері стандарттарға сай келетіндігі анықталды.

Ономастика саласы бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген әкімшілік-аумақтық бірліктер мен құрамдас бөліктер жайлы мәліметтер базасы жаңартылды.

Жыл ішінде облыстық ономастика комиссиясының 3 отырысы өткізіліп, барлығы 186 ұсыныс қаралды. Нәтижесімен 3 ауылдық округке, 4 ауылға, 14 объектіге  және 133 көшеге оң қорытынды берілді. 10 объекті бойынша облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 17 қазандағы № 85/364 және 12 желтоқсандағы № 117/392 бірлескен шешімі шықты. Оның ішінде 6 объектіге ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысы берілді.

Білім беру ұйымына атау беру бойынша Қызылорда қаласындағы №278 орта мектепке Байзақ Момынбаевтың есімін беру туралы 2019 жылғы 11 қазандағы  № 2777 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы шықты.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Қызылорда қаласының 1 саябағы мен 26 көшесіне атау беру және қайта атау туралы облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №134/412 бірлескен шешімі шықты.

2019 жылдың 27 қыркүйегінде облыстағы ономастика  және көрнекі ақпарат салаларының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен тіл мамандары, филолог-ғалымдар, жарнама агенттіктерінің өкілдері, тілдерді оқыту орталығының қызметкерлерінің қатысуымен «Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері»  атты облыстық семинар өткізілді.

Семинарға қатысушыларға ономастика және көрнекі ақпарат саласындағы мәселелерді реттеуге арналған әдістемелік құралдар таратылды.

Есепті кезеңде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне
157 топонимикалық атау енгізілді.

Көрнекі ақпарат құралдарында тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бап талаптарына сәйкес облыс көлемінде ақпараттық-түсіндірме және насихат жұмыстарын жүргізудің облыстық жұмыс жоспары бекітілді.

Жоспарға сәйкес «Жас Отан» Жастар қанаты жанындағы «Таза тіл» ерікті жастар тобымен бірлесіп облыс бойынша 765 кәсіпкерлік нысан мен сауда үйіне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бабы бойынша ақпараттық-насихаттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда қаласы және аудандарда мемлекеттік және ұлттық мерекелер мен мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауға бағытталған 397 тақырыптық билборд ілініп, 211 билборд  жаңартылды.

  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан тиісті ұйымдастырушылық құжаттар әзірленіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2019 жылға арналған өңірлік кешенді іс-шаралар жоспарына тиісті ұсыныстар берілді.

Өңірлік кешенді іс-шаралар жоспарына енген шаралар мен жобаларды жүзеге асыруға басқарма жанындағы Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы, Өңірлік коммуникациялар қызметі, сондай-ақ саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттары жұмылдырылды.

Өңірде «100 жаңа есім» жобасына қатысушыларды насихаттау және жобаны ілгерілету бойынша бекітілген облыстық медиа-жоспарға сәйкес ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. «100 жаңа есім» республикалық жобасының өңіріміздегі жеңімпаздарын насихаттау мақсатында қала және аудандарда 16 тақырыптық баннер ілінді.

Есепті кезеңде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында барлық облыстық, қалалық, аудандық БАҚ-та және интернет-ресурстарда 8 097 материал жарық көрді (баспа БАҚ-та 4123 мақала, телеарналарда 1273 бейнесюжет, интернет-ресурстарда 2701 материал).

Дата публикации
25 февраля 2020
Дата обновления
25 февраля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 июля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ақпарат
09 февраля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ережелер мен рәсімдер
12 июня 2025
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы