Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік ақпараттық саясат

Мемлекеттік ақпараттық саясат

Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 104 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Оның ішінде электронды 8, ақпараттық агенттік 6, баспа БАҚ 90. 

Интернет желісінде 18 БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (жергілікті «Qyzylorda», «Қоғам ТВ» телеарналары және облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», «Ақмешіт ақшамы», «Халық», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері мен «Әлімсақ» журналы).

Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы 25 желтоқсанда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 177 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталды.

2019 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатқа 757 570,0 мың теңге бөлінді.

Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 205 брифинг берілді, облыстық «Qyzylorda» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 56 тікелей эфирдегі сұхбат, 41 баспасөз-туры ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда тұрғындарды ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 130 215 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 92%-ын құрайды.

2019 жылы облыс әкімінің қолдауымен БАҚ өкілдерінің білімін арттырып, салалық журналистикаға бейімдеу, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында арнайы әлеуметтік жоба қарастырылып, жоба аясында республикалық және жергілікті медиа тренерлердің шеберлік дәрістері өткізілді.

Атап айтқанда, республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы Байғараев Нұрмұхамед Исманұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Байтілесұлы, Сүлейман Демирел атындағы университеттің оқытушысы журналист, халықаралық медиатренер Асхат Еркінбай, «Qazaqstan» телеарнасының бас редакторы Қайнар Олжай, ҚР Президенті сыйлығының иегері ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан журналистері Академиясының Академигі Серік Жанболат, сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық арнасының «Апта» бағдарламасының жетекшісі, авторы және жүргізушісі Жайна Сламбектің, «Астана» телеарнасының бас директоры Құрманбек Жұмағалидің түрлі тақырыптарда семинар-тренингтері ұйымдастырылып, 200-ге жуық жергілікті журналистер біліктілігін арттырды.

Сонымен қатар, 2019 жылғы 28 қарашада аймақтың аға басылымдары «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің 90 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтті.

Дата публикации
25 февраля 2020
Дата обновления
25 февраля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 июля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ақпарат
09 февраля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ережелер мен рәсімдер
12 июня 2025
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы