Меню

Страницы

Статья

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны  бүгінгі күні 1042-ні құрап отыр. Оның ішінде 454-і нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар. 

Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 

2019 жылы облыстық, қалалық, аудандық бюджеттер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін 1 млрд. 223 млн. 382 мың теңге қаржы қаралып,                                   176 жоба жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен                   4 млн. 589 мың 285 теңге қаржы қаралды. Әлеуметтік тапсырыс аясында өңірде үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы  жұмыс жасайды.

Саяси партиялармен жұмыс. Бүгінгі күні Қызылорда облысында 6 саяси партияның (комитет және өкілдік) облыстық филиалы тіркелген.

Аймағымызда 65 мыңнан астам азамат саяси партиялардың құрамына кірген:  «Нұр Отан» партиясы- 47635 адам,  «Ақ жол» демократиялық партиясы-6914, «Ауыл» ХДПП-3166 адам, «ҚКХП»-5111 адам, «Бірлік» партиясы-333 адам және  «ЖСДП»-3000 адам.

 Саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында кеңес жұмыс жасауда.

Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.

Қоғамдық - маңызды шаралар. Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 234 ауқымды шарадан тұратын 2019 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.

Есепті мерзімде күнтізбелік жоспарға сәйкес барлық  ірі көлемді шара өткізілді.

Дата публикации
25 февраля 2020
Дата обновления
25 февраля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 июля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ақпарат
09 февраля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ережелер мен рәсімдер
12 июня 2025
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы