Қызылорда облысында 189 діни ұйым (11 жергілікті діни бірлестік, 178 филиал) қызмет атқарады.
2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ақпараттық-түсіндіру тобы 12 145 адамды қамти отырып, әр түрлі форматтарда 586 іс-шара өткізді. Оның ішінде адамдар көп жиналатын жерлерде (автовокзалдар, базарлар, сауда үйлері және т.б.) 12 акция өткізілді (357 адам), халыққа 350 ақпараттық материал таратылды (2019 жылы - 2 017 іс-шара (64 646 адам), 184 акция (9 105 адам), 5 900 ақпараттық материал).