Есепті мерзімде онлайн/офлайн форматта барлығы 102 шара ұйымдастырылып, оған 20 мыңнан аса адам қамтылды.
Этномәдени бірлестіктердің саяси-қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында облыстық этномәдени бірлестіктердің ашық есік күндері, түрлі бағыттағы семинарлар, этностардың мәдени күндері және ұлттық мерекелері аталып өтілуде.
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай әзірленген облыстық кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес онлайн/офлайн форматтағы 115 мәдени-бұқаралық шараға 27 000-ға жуық адам қамтылды.
Жоспарға сәйкес 1 наурызда аймақ басшысы Г. Әбдіқалықованың қатысуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасын облыстық деңгейде іске қосу шарасы бастау алды.
«Қоғамдық келісім» КММ-і мен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы бірлесіп, этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Шексіз алғыс - Тәуелсіздікке тарту» атты мерекелік фильм-концерт әзірледі.
Облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Сондай-ақ, Алғыс айту күніне арналған «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: бірлік пен бірегейліктің моделі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Барлық білім беру мекемелерінде «Анама Алғыс айтамын!», «Ұстазыма мың алғыс!» тақырыптарында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Облыстағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарда «Қазақстан халқы Ассамблеясы: өткені мен бүгіні», «Әлем елдеріндегі алғыс айту дәстүрлері» тақырыптары бойынша дәрістер оқылды.
«30 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында «Жүрек жылуымен» атты қоғамның осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету шаралары ұйымдастырылды.
Облыстық, аудандық БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілерде Алғыс айту күніне орай «Еліме алғыс айтамын» атты құттықтау айдары ашылып, сұхбаттар мен пікірлер жарияланды. БАҚ-та және әлеуметтік желілерде «Шын жүректен» тақырыбында бейнероликтер әзірленіп, жарияланды. «30 жылға - 30 тілек» тақырыбында әр сала үздіктерінің бейнеқұттықтаулары ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде #Тәуелсіз елге мың алғыс, #Мен алғыс айтамын, #Тәуелсіздікке 30 жыл хэштегтерімен посттар жарияланды.
Қайырымдылықты үйлестіру бойынша жыл басынан бері 60-тан астам іс-шара ұйымдастырылып, демеушілердің қолдауымен 2752 адамды қамтыған қайырымдылық көмекке 12 708 160 теңге қаржы жұмсалды.
2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жыл басынан бері 126 бейнеролик, 352 материал жарық көрді.
2021 жылы облыс көлемінде 615 қоғамдық медиатор тіркелген. Оның ішінде облыстық ҚХА-мен бірлесіп жұмыс атқаратын 42 қоғамдық медиатордың тізімі жасақталды.
2021 жылғы І тоқсанында облыс көлемінде медиация институтын насихаттауға бағытталған барлығы 14 түрлі форматты іс-шара ұйымдастырылып, аталмыш шараларға 300-ден астам тұрғын қамтылды.
Қоғамдық медиаторлармен барлығы 158 дау шешілсе, оның ішінде 42 дау бойынша сотқа дейін, 57 дау бойынша сотта медиациялық келісім орнатылған. Ал 59 дау қоғамдық медиаторлардың кеңес беруі нәтижесінде тоқтатылды.
Есепті мерзімде облыстағы этносаралық қатынастар және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ.
Жыл басындағы статистикалық ақпаратқа сүйенсек, облыс халқының 96,3%-ы қазақ ұлтынан, 3,7% – түрлі 35 этностық топтан құралады.
Этникалық топтар жинақы тұратын елді мекендерде келісім мен өзара түсіністік ахуалы сақталған.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі – ҚХА) тарапынан өңірдің этносаралық шиеленіс картасы әзірленді. Картада этностық топтардың мекен-жай аумақтары, этникалық қақтығыстардың ықтимал ошақтары, беделді ақсақалдарының тізімі т.б. елді мекендердің әлеуметтік көрсеткіштері нақтыланды.Этностық топтардың басым көпшілігі Қызылорда және Байқоңыр қалаларында тұрғылықты мекен етеді (2,67%). Сондай-ақ Қармақшы ауданының III Интернационал ауылында түріктердің ықшам орналасуы байқалады. Қалған ауылдық округтер негізінен моноұлттық сипатқа ие.
2021 жылдың бірінші тоқсанындағы жалпы сауалнама қорытындысы бойынша әлеуметтік зерттеуге қатысқан облыс тұрғындарының 90,8%-ы Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз өміріне қанағаттанатынын, 91,1%-ы өз аймағындағы түрлі этностар арасындағы қарым-қатынас жағдайы «бір қалыпты» және «қолайлы» деп есептейтінін білдіреді.
Сауалнамаға қатысқан этнос өкілдерінің 91%-ы айналасындағылардың өздеріне деген теріс ниетті қарым-қатынасын сезінбегенін жеткізді.
Облыс көлемінде алынған әлеуметтанулық сұраудың қорытындысына сәйкес респонденттердің 48,6%-ы тұратын жерлерінде этносаралық қақтығыс «болуы мүмкін емес» деп санайды.
Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері облыста қалыптасқан этносаралық ахуалды негативті қабылдаудан гөрі оң бағалаудың басымдығын көрсетті.