Қызылорда облысында 2021 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 69 млн. теңге қаржы бөлінді.
Тіл саясатын іске асыруда Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ жеке тұлғаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылуда.
Есепті мерзімде тіл орталығы арқылы барлығы 416 адам, оның ішінде 211 адам мемлекеттік тілді, 100 адам орыс тілін, 105 адам ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті.
Басқарманың тапсырысымен облыстық «Qyzylorda» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен халық арасында жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелерін түсіндіру және осы бағытта атқарылған жұмыстар барысымен таныстыру мақсатында«Тілтаным» телебағдарламасы тоқсан сайын көрсетілуде.
Мемлекеттік тілдің қолданылуын этнос жастарының арасында насихаттау мақсатында әлеуметтік желілерде «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. Аталған шараға 45 этнос өкілі қатысты.
Сондай-ақ, этнос жастары арасында «Тіл-достықтың діңгегі»,облыс жастары арасында «Отбасымызбен кітап оқимыз» тақырыптарында сайыстар мен «Жүз жасаған бәйтерек», «Алғыс айту парызым» атты эсселер байқауы ұйымдастырылды.
2021 жылғы 5 ақпанда облыстық ««Qyzylorda» телеарнасының «Ақиқат алаңы» телебағдарламасында мамандардың қатысуымен тіл мәселесі талқыланды.
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді түсіндіру мақсатында бірқатар ақпараттық-насихаттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жергілікті басылымдар мен интернет-ресурстарда 50-ден аса мақала жарияланып, облыстық және қалалық телеарналардан 29 сюжет көрсетілді.
Сонымен қатар, жетілдірілген әліпби нұсқасын таныстыру мақсатында «Qyzylorda» телеарнасының «Тілтаным», «Ақиқат алаңы», «Қайырлы күн, Қызылорда» бағдарламаларында лингвист ғалымдар мен орталық оқытушыларының арнайы сұқбаттары ұйымдастырылды. Бүгінде облыстық тілдерді оқыту орталығының мамандары жетілдірілген әліпбиді таныстыру мақсатында Қызылорда қаласы мен аудандарда лекциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізуде.
ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының қарауына Қызылорда қаласының 49 көшесіне атау беру және қайта атау туралы ұсыныс енгізіліп, нәтижесімен 46 көшеге оң қорытынды берілді.
Осыған сәйкес «Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктерінеатау беру және қайта атау туралы» облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешімінің жобасы әзірленіп, 2021 жылғы 17 наурызда өткен сессияда бекітілді.
Сондай-ақ,осы сессияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына «Қызылорда облысының білім басқармасының Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 142 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Базарбек Қашқынбаевтың есімін беру жөнінде ұсыныс қаралып, мақұлданды.
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 23 топонимикалық атау енгізілді.
Кәсіпкерлік нысандардың көрнекі ақпараттарында тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытында облыс көлемінде ақпараттық-түсіндірме және зерделеу жұмыстарын жүргізудің облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес Қызылорда қаласы мен аудандарда127нысанға ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айтулы даталар мен мерекелерге орай билборд эскиздері келісіліп, қала, аудан әкімдіктеріне жолданды.