Облыстың медиа кеңістігінде 101 (12 мемлекеттік, 89 тәуелсіз ) бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасауда. Оның ішінде электронды 8, ақпараттық агенттік 3, интернет сайттар 3, баспа БАҚ 87.
2021 жылғы 22 қаңтарда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталған медиа-жоспар өңіріміздегі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған. Мұнымен қоса, түрлі тақырыптарда 11 медиа-жоспар бекітіліп, ақпараттық шаралар жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың І тоқсанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 138 брифинг өткізіліп, БАҚ өкілдерімен 8 баспасөз туры ұйымдастырылды.
2021 жылға мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру қызметіне 835 221, 0 мың тг. бөлініп, 55 лот бойынша жұмыстар жүргізілуде.