ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР
2021 жылы Қызылорда облысында 994 ҮЕҰ тіркелген. Оның 454-і іс жүзінде жұмыс істейді. Бүгінгі күні өңірлік үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі облыс әкімдігі жанындағы кеңес жұмыс жасайды. Кеңестің құрамына мемлекеттік мекеме басшылары, өңірдегі ҮЕҰ-дар мен азаматтық қоғам өкілдері енген. Кеңес отырысы жылына 2 рет өткізіледі.
Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес алғашқы отырысы 2021 жылғы сәуір айының алғашқы онкүндігінде өтеді. Бүгінгі күні Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының 63 ҮЕҰ мүшесі бар және мүшелерінің санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, Ассоциацияның аудандарда өкілдіктері ашылып, жауапты жетекшілері бекітілді.
МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР
2021 жылы облыстық бюджеттен облыстық ішкі саясат басқармасы арқылы жүзеге асырылатын 13 әлеуметтік жобаға 160 млн. 381 мың теңге бөлінді (ҮЕҰ дамыту бағытында – 2 жоба, мемлекеттік ақпараттық саясатты қолдауға бағытталған – 2 жоба, отбасылық-демографиялық саясат бойынша – 1 жоба, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру – 1 жоба, волонтерлық қызметті дамытуға – 1 жоба және жастарды қолдауға бағытталған – 5 жоба). Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобалар негізінен мемлекеттік саясатты іске асыру, жастар және отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыру жұмыстарына, азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған.
САЯСИ ПАРТИЯЛАР
2021 жылы Қызылорда облысында саяси партиялардың 6 өңірлік филиалы тіркеліп, жұмыс жасауда. Саяси партиялардың облыстық филиалдарында 80 мыңнан астам адам тіркелген (анықтама үшін: «Nur Otan» партиясы – 44 718 адам, «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» – 6 938 адам, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10 081 адам, Қазақстанның халық партиясы – 5 456 адам, «ADAL» Саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі – 8 252 адам және ЖСДП - 6000 адам).
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ МАҢЫЗДЫ ІС-ШАРАЛАР.
2021 жылы елімізде аталып өтілетін атаулы даталар мен еске алу шараларын қамтыған облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары әзірленіп, облыс әкімімен бекітілді. Күнтізбелік жоспарға 257 шара енгізілген.
Бүгінгі күні жоспарға сәйкес 36 шара ұйымдастырылып, өткізілді. Жыл соңына дейін COVID-19 пандемиясына байланысты 23 шара онлайн форматта, 198 шара санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілетін болады.