(Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган атауы)
«Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаулы және шешім жобасын әзірлеуші орган болып табылады.
(Нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың негіздемесі)
Қаулы және шешім жобасы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 3 ақпандағы қорытындысына сәйкес әзірленді.
(Мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер)
Қажет етпейді.
(Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат)
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында (https://egov.kz/cms/kk/articles/open-legalacts) 2021 жылғы «19» ақпанда және Қызылорда облысы әкімдігінің ресми-сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda) 2021 жылғы «23» ақпанда орналастырылған.