Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету (2020 жылдың есебі)

Аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты деп сипаттауға болады.

Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.

Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, құқық қорғау және прокуратура органдарымен ведомствоаралық деңгейде үйлестірілуде.

Картадағы 23 проблемалық мәселенің 13-і оң шешім тапса, қалған мәселермен жұмыстар жүргізілуде.

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңын түсіндіру бойынша онлайн түрде 11 семинар өткізілді.

Семинарға бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу, бейбіт жиналыстар өткізуге өтініштер мен хабарламаларды қарау жұмысына тікелей тартылған әкімдіктер мен ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері, ҰҚКД, ІІД, Әділет органдары мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет қызметкерлері және прокуратура органдарының қызметкерлері, құқыққорғаушылар, ҮЕҰ, құқықтанушылар, заңгер мамандар және БАҚ өкілдері қатысты.

Осы орайда, ІІІ тоқсанда 21 мәселеге әлеуметтік болжам жасалып, жергілікті құзыретті мекемелерге алдын ала ескертпелер беріліп, қабылдануы қажет шаралар туралы ұсыныстар жолдануда.

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында облыс көлемінде Президент Жолдауын түсіндіруге арналған түрлі форматтағы шараларды қамтитын желілік кесте бекітілді.

Есепті кезеңде, ақпараттық топтармен Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын өңірде ілгерілету, халық арасында түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында облыс бойынша 47 шара онлайн түрінде ұйымдастырылды. Облыстық, қалалық, аудандық жиындары – 9, қоғамдық кеңес отырысы – 1, денсаулық сақтау ұйымдары – 12, білім беру ұйымдары – 15, үкіметтік емес ұйымдар – 6, белсенді жастар – 2, кәсіпкерлер ұйымдары – 2 жиындар мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардарлығын арттыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында мемлекеттік органдар басшылары, мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен спикерлер пулы жасақталды.

Бұл бағытта ақпарат таратып, пікір білдіретін 57 спикер қалыптастырылып, БАҚ-тарда пікірлері жариялануда.

Дата публикации
15 января 2021
Дата обновления
15 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 июля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ақпарат
09 февраля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ережелер мен рәсімдер
12 июня 2025
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы