Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру бойынша атқарылған жұмыстар

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру және нақтылау мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Басқарманың мемлекеттік қызметшілерін  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 416-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)» таныстыру мақсатында  аппараттық оқу өткізілді.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев ұсынған бес институттық реформаның «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бағыты, «100 нақты қадам-баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарындағы мемлекеттік қызметті дамытуға қатысты 1-15 қадамдар жайлы қызметшілермен әңгімелер өткізілді.

Басқарма жоспарына сәйкес 14.09.2018 ж «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтау тақырыбы бойынша құқықтық оқыту жүргізілді.

«Қызылорда облыстық  ішкі саясат басқармасы қызметкерлерінің қызметтік әдеп Кодексі» әзірленді. 2016 жылы 29 маусымда өткен  ұжым мүшелерінің жалпы жиналысында талқыланып, қабылданды. Әдеп Кодексі арнайы кітапша етіп әзірленіп, барлық қызметкерлерге таратылды.

Басқарма жоспарына сәйкес 10.09.2020ж «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтау бойынша аппараттық оқу жүргізілді.

2020 жылы басқарма қызметкерлері тарапынан  Әдеп Кодексі талаптарының сақталмауы бойынша арыз-шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.

Дата публикации
15 января 2021
Дата обновления
15 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 июля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ақпарат
09 февраля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ережелер мен рәсімдер
12 июня 2025
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы