Облыстың медиа кеңістігінде 101 (12 мемлекеттік, 89 тәуелсіз ) бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасауда. Оның ішінде электронды 8, ақпараттық агенттік 3, интернет сайттар 3, баспа БАҚ 87.
2020 жылғы 13 қаңтарда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталған медиа-жоспар өңіріміздегі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған. Мұнымен қоса, түрлі тақырыптарда 15 медиа-жоспар бекітіліп, ақпараттық шаралар жүргізілуде.
Жыл басынан бері Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 524 брифинг өткізіліп, БАҚ өкілдерімен 45 баспасөз туры ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда тұрғындарды ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 130 215 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 92%-ын құрайды.
2020 жылдың есепті мерзімінде БАҚ өкілдерінің басшылары мен республикалық телеарна, баспа басылымдарының меншікті тілшілерімен 4 рет кездесу өткізіліп, журналистердің мәселелері тыңдалды.
2020 жылға мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру қызметіне 670 000, 0 мың тг. бөлініп, 45 лот бойынша жұмыстар жүргізілуде.