Меню

Страницы

Статья

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жыл қорытындысы бойынша есебі

Өңірдегі этносаралық ахуал

2020 жыл көлемінде Қызылорда облысында этносаралық саладағы ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ.

Жыл басындағы статистикалық ақпаратқа сүйенсек, облыс халқының 96,3% қазақ ұлтынан, 3,7% – түрлі 35 этностық топтан құралады.Этностық топтардың басым көпшілігі Қызылорда және Байқоңыр қалаларында тұрғылықты мекен етеді (2,67%). Сондай-ақ Қармақшы ауданына қарасты ІІІ Интернационал ауылында түрік этносының өкілдері ықшам орналасқан. Жалпы ауылда 2 464 тұрғын тіркелсе, оның ішінде 1 116 адам – түрік этносының өкілдері (45,3%). Қалған елдімекендер негізінен моноұлттық сипатқа ие.

Облыстық ҚХА құрылымдарының қызметі

Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруда облыстық ҚХА құрамында 11 этномәдени бірлестіктер, аудандарда 6 этнобағытталған үкіметтік емес ұйымдар және 9 қоғамдық құрылым жұмыс атқарады. Сонымен қатар Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасымен тығыз әріптестік байланыс орнатылған.Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған 75 тармақтан тұратын облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылды.Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Қайырымдылық керуені» акциясы, «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» этномәдени бірлестіктердің мәдени күндері және «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобалары жүргізілді.Коронавирус індеті салдарынан енгізілген карантиндік шектеулерге байланысты наурыз айынан бастап барлық іс-шаралар онлайн форматқа көшірілді.Жылдың қорытындысы бойынша облыстық Ассамблеяның ұйымдастыруымен және бастамасымен түрлі форматтағы 318 іс-шара өткізіліп, онда 17 154 адам (онлайн аудитория) қамтылды.Оның ішінде облыстық Қоғамдық келісім кеңесі 3 отырыс өткізді.

Ғылыми-сарапшылық топ мүшелерінің қатысуымен офлайн және онлайн форматта 26 іс-шара өткізілді.

Қазақстандық этносаралық қатынастарды және қоғамдық бірегейлікті сақтау мақсатында 32 ғылыми жұмыстар және мақалалар жарияланды.

Жыл көлемінде ғылыми-сарапшылық топ мүшелерінің «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясы» жобасы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу және Конституция күні және т.б. іс-шараларға орай 13 онлайн лекторийлері ұйымдастырылды.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай облыстық ҚХА және «Рухани жаңғыру» орталығының бастамасымен «Тұңғыш Президент және Тәуелсіз Қазақстан: Тарих. Бүгін. Болашақ» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Медиация бағыты бойынша өңірде 615 қоғамдық медиатор тіркелген. Оның ішінде облыстық ҚХА-мен бірлесіп жұмыс атқаратын 42 қоғамдық медиатордың тізімі жасақталды.

2020 жылы медиация институтын насихаттауға арналған барлығы 88 түрлі форматты іс-шаралар ұйымдастырылса, аталмыш шараларға 2600-ден астам тұрғын қамтылды.

Облыстық ҚХА құрылымдары, ЭМБ белсенділері 98 жалғызбасты жанға және 88 мұқтаж отбасына, ауруханаларға 14 млн. тг. көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті. Оның ішінде, азық-түлік себеттерін үлестіру, дәрі-дәрмек, жанар-жағармай, ИВЛ аппаратын сатып алып беру және киім-кешек, тұрмыстық қажетті заттармен қамтамасыз ету шаралары жүргізілді.Барлық мерекелік және этномәдени бірлестіктердің, сондай-ақ мәдени-ағартушылық жобалардың іс-шаралары бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жүйелі түрде ақпараттандырылуда.YouTube видеохостингінің «Сыр бірлігі» каналында есепті кезеңге дейін облыстық ҚХА бастамасымен әзірленген 250 бейнеролик орналастырылды. Сондай-ақ республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында 784 материал, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда 417 бейнеролик, 1489 жариялым жарық көрді.

Дата публикации
14 января 2021
Дата обновления
14 января 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 июля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ақпарат
09 февраля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ережелер мен рәсімдер
12 июня 2025
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы