Меню

Страницы

Статья

Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуы

Қызылорда облысында 2020 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен   82  млн. теңге қаржы бөлінді.

Тіл саясатын іске асыруда Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ жеке тұлғаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылуда.

Есепті мерзімде тіл орталығы арқылы барлығы  2604 адам, оның ішінде 1126 адам мемлекеттік тілді, 596 адам орыс тілін, 882 адам ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті.

Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 6 наурыздағы №179 қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Басқарманың тапсырысымен облыстық «Qyzylorda» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен халық арасында жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелерін түсіндіру және осы бағытта атқарылған жұмыстар барысымен таныстыру мақсатында «Тілтаным» телебағдарламасы тоқсан сайын көрсетілуде.

«Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, қазақ тілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауы өткізілді. 

Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, 2020 жылдың 4 қыркүйегі күні Қазақстан халқы тілдерінің күнін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру және ұлттар достастығының үлгісін  паш ету мақсатында түрлі форматта барлығы 100-ге жуық шара ұйымдастырылды.

Жыл басынан бері жаңа әліпби мен емле ережені талқылау, түсіндіру бағытында  барлығы 44 іс-шара өткізілді.                            

2020 жылғы 18 қарашада қазақ тіліндегі салалық терминдердің қолданыс аясын кеңейту мақсатында басқарма жанынан құрылған Терминологиялық жұмыстарды жетілдіру жөніндегі облыстық жұмысшы топтың отырысы өтті.

Отырыс барысында салаларға қатысты терминдер бойынша өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары ұсынылды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті тарапынан ұйымдастырылған республикалық байқаулардан облысымыз жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, «Ұлттық  ономастика - Ел айнасы» атты байқауынан Бас жүлдені, «Үздік оқытушы» байқауынан жүлделі ІІІ орынды, этнос жастары арасында өткен «Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік символы» байқауынан ІІІ орынды иеленді.

       Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау

Облыстық ономастика комиссиясында қаралып, облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешімімен ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына бірқатар білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру туралы ұсыныстар жолданды. Нәтижесінде Республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысы мен тиісті министріліктердің келісім негізінде 2020 жылғы 2 наурызда облыстың 4 білім беру және мәдениет ұйымына атау беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №92 қаулысы шықты.

2020 жылғы 28 қазанда 6 білім беру және мәдениет ұйымына атау беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 712 қаулысы шықты.

 2020 жылғы 28 қазанда облыстық ономастика комиссиясының отырысы өткізіліп, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері тарапынан 7 білім беру ұйымына, 15 көше мен 1 ауылдық округке атау беру мен қайта атау туралы, барлығы 23  ұсыныс қаралды. Нәтижесімен  20 ұсыныс қолдау тапты.

Көрнекі ақпараттарда тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының  21-бап талаптарына сәйкес облыс көлемінде ақпараттық-түсіндірме және насихат жұмыстарын жүргізудің жұмыс жоспары бекітілді (13.01.2020 жылғы №03/1-6/205). Жұмыс жоспарына сәйкес Қызылорда қаласы мен аудандарда  828 нысанға ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кемшілік анықталған 47 нысанға ескерту жасалды.

Сондай-ақ, басқарма тарапынан «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабында көрсетілген талаптардың орындалуына талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда қаласының орталық көшелері мен шағын аудандарында орналасқан 1261 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен, 198 нысанның көрнекі ақпараттарында кемшілік анықталды.

Осыған сәйкес, облыстық ішкі саясат, кәсіпкерлік және туризм басқармалары, Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ облыстық филиалы, «Жас Отан» ЖҚ жанындағы «Таза тіл» ерікті жастар тобы өкілдерінен құрылған мобильді топ көрнекі ақпараттарында кемшілік анықталған Қызылорда қаласының орталық көшелерінің бойында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелеріне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бап талаптарын түсіндірді.

Сонымен қатар, мемлекеттік мерекелер мен айтулы  күндерге орай қала, аудандардағы халық көп шоғырланатын қоғамдық орындар мен орталық көшелерге орналастырылатын билбордтардың эскиздеріне келісім беру жұмыстары үйлестірілді.

Есепті мерзім ішінде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне жергілікті әкімдіктердің ұсыныстарына сәйкес 140 топонимикалық атау енгізілді.

Дата публикации
05 января 2021
Дата обновления
05 января 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 июля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ақпарат
09 февраля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ережелер мен рәсімдер
12 июня 2025
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы