Меню

Страницы

Статья

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс 2020 жылы өткізілген іс-шаралар

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР

2020 жылы Қызылорда облысында 996 ҮЕҰ (353 ҮЕҰ – Қызылорда қаласында, 643 ҮЕҰ аудандарда) тіркелген. Оның 454-і іс жүзінде жұмыс істейді. Бүгінгі күні өңірлік үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі облыс әкімдігі жанындағы кеңес жұмыс жасайды. Кеңестің құрамына мемлекеттік мекеме басшылары, өңірдегі ҮЕҰ-дар мен азаматтық қоғам өкілдері енген.

2020 жылы коронавирус індеті бойынша елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты кеңес отырысы 1 рет өткізілді және санитарлық талаптарды сақтай отырып ҮЕҰ басшыларымен 1 кездесу өтті. Мемлекет пен өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың арасына алтын көпір болып, ҮЕҰ-ға жан-жақты көмек көрсетіп келе жатқан Азаматтық Альянс Қауымдастығының жұмысы жандандырылып, жұмысы жаңа бағытта жүргізілуде. Қауымдастық «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі болып қайта құрылып, жаңа басшысы болып азаматтық қоғам саласында нәтижелі еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман Ізден Анар Жарылқасынқызы тағайындалды. Бүгінгі күні Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының 63 ҮЕҰ мүшесі бар және мүшелерінің санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, Ассоциацияның аудандарда өкілдіктері ашылып, жауапты жетекшілері бекітілді. Мемлекеттік мекеме басшыларының және Ассоциация өкілдерінің қатысуымен 14 қарашада облыстық Азаматтақ форум, 27 қарашада ҚР Мемлекеттік хатшысының қатысуымен республикалық форум өтті. Форум аясында ҮЕҰ дамыту мәселелері қаралып, үздік ҮЕҰ арнайы номинациялармен марапатталды.

МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР

2020 жылы облыстық бюджеттен облыстық ішкі саясат басқармасы арқылы жүзеге асырылатын 10 әлеуметтік жобаға 62 миллион  778 мың теңге бөлінді (қоғамдық кеңестермен жұмыс бағытында – 2 жоба, ҮЕҰ дамыту бағытында – 2 жоба, отбасылық-демографиялық саясат бойынша – 2 жоба, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру – 2 жоба және мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді насихаттауға – 2 жоба). Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобалар негізінен мемлекеттік саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алу, жастар және отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыру жұмыстарына, азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған.

2020 жыл 22 қазан күні облыстық ішкі саясат басқармасы «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп «Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесін» ұйымдастырды.

Бүгінгі күні бірқатар әлеуметтік жобалар қазіргі қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қысқартылып, облыс экономикасын қалпына келтіруге бағытталуда. ҚР Президентінің «имидждік шараларға арналған бюджеттік шығыстарды қысқарту» туралы тапсырмасына сәйкес 6 жоба облыстық бюджетке кері қайтарылды.

САЯСИ ПАРТИЯЛАР

2020 жылы Қызылорда облысында саяси партиялардың 6 өңірлік филиалы тіркелген және жұмыс істейді. Саяси партиялардың облыстық филиалдарында 70 мыңнан астам адам тіркелген (анықтама үшін: «Nur Otan» партиясы – 43 774 адам, «Аq jol» демократиялық партиясы – 6 938 адам, «Ауыл» халықтық демократиялық партиясы – 10 081 адам, Қазақстанның халық партиясы – 5 456 адам, «Адал» партиясы - 333 адам және ЖСДП - 3000 адам).

Партия филиалдары жұмыс жоспарларын жыл басында бекітеді. Жұмыс жоспарларына сәйкес партия филиалдарының атқарған шараларына облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан үнемі ақпараттық қолдау көрсетіліп келеді. Барлық партия филиалдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізілуде.

Дата публикации
23 декабря 2020
Дата обновления
23 декабря 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 июля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ақпарат
09 февраля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ережелер мен рәсімдер
12 июня 2025
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы