Облыста 175 728 (14-28 жас аралығы) (21,9%)жастар бар, оның ішінде: қала жастары – 73 196 (41,7%), ауыл жастары – 102 532 (58,3%).
2020 жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда қала, аудан бойынша жергілікті бюджеттен 536,5 мың теңге бөлінді. (2019 жылы 517,6 мың теңге). Оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 176,7 мың теңге қарастырылған (2019 жылы-240,8 мың теңге), 36 әлеуметтік жоба іске асырылды. Оның ішінде облыс бойынша -11, қала бойынша -6, аудан бойынша -19 жоба (2019 жылы-51 жоба, оның ішінде облыс бойынша-18, қала бойынша-12, аудан бойынша-21 жоба).
Жастар жұмыссыздығының деңгейі - 4,2% (2020 жылдың ІІІ тоқсанына).
NEET санатына жататын жастар - 8,2%.
Жастармен атаулы жұмыс жасау үшін облыста 9 Жастар ресурстық орталығы, сондай-ақ Байқоңыр қаласындағы бөлімше жұмыс істейді. Өңірлік жастар ресурстық орталықтарының жалпы штаттық саны 130 қызметкерді құрайды. Оның ішінде, облыстық МРЦ - 59 қызметкер, қалалық - 12, Арал ауданында – 22, Қазалы ауданында – 6, Қармақшы ауданында – 6, Жалағаш ауданында – 7, Сырдария ауданында – 7, Шиелі ауданында – 7, Жаңақорған ауданында – 4. Ағымдағы жылы өңірдің жастар ресурстық орталықтарын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 251 990,0 мың теңге бөлінді.
Жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2020 жылы 9 әлеуметік жоба жүзеге асырылды. Жыл басынан бері 9 әлеуметтік жоба аясында 250-ден астам (254) іс-шара ұйымдастырылып, 10 000-нан астам (10 484) жас қамтылды. Карантин талаптарына сәйкес іс-шаралардың басым бөлігі онлайн форматта ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, аталған жобалар аясында ұйымдастырылған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы кеңес беру шараларымен 2700-ден астам (2 776) жас қамтылды.
«Kyzylorda Business Hub» облыстық стартап жобалар байқауын ұйымдастырып, нәтижесімен 11 жобаға 19,8 млн теңге инвестиция тартылды;
«Жас құрылысшылар» жастар еңбек жасағы арқылы 2020 жылдың мамыр-қазан айларында жұмыссыз 307 жас жергілікті 9 құрылыс компанияларына жұмысқа орналастырылды;
«Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында есепті кезенде облыс көлемінде түрлі бағыттағы 89 іс шара (7 бағыт бойынша 64 акция, 10 тренинг, 15 онлайн конференция) ұйымдастырылылып, 2000-ға жуық волонтерлар тартылды.
Жыл қорытындысымен «Волонтерлік қызметті дамыту» жобасы аясында 10 жас волонтер арнайы номинациямен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.