Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.
Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары электронды «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады.
Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардарлығын арттыру болып табылады.
Сонымен қатар, облыс көлеміндегі қоғамдық-саяси ахуалға әсер етуі мүмкін іс-шаралар, күнделікті қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізіліп, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігіне ақпарат жолданады.
Тұрақсыздық белгілерін анықтау мен алдын алу мақсатында облыс аумағында үздіксіз мониторинг жүргізіледі.
Қоғамдық саяси ахуалды жедел түрде болжауға байланысты жұма сайын ақпарат ұсынылады.
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» а.ж. 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 08.07.2020 жылғы №91 өкіміне сәйкес, қала, аудандарда мамандандырылған орындарды белгілеу бойынша шығарылған мәслихат шешімдері жергілікті әкімдіктердің интернет-порталына орналастырылды.
Облыс бойынша танымал қоғамдық пікір жетекшілерінің базасы жасақталды.
Сонымен қатар, тұрғындар үшін облыс әкімдігінің ресми сайтында http://e-kyzylorda.gov.kz/kk/blog арнайы сілтемесі орналастырылып, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша хабарласу мүмкіндігі жасалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө өкімімен құрамында мемлекеттік органдар басшылары, мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Есепті кезеңде, ақпараттық топтармен Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын өңірде ілгерілету, халық арасында түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында облыс бойынша онлайн түрде ұйымдастырылды.