Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің 2020 жылдың 9 айда атқарған жұмысы туралы

Үкіметтік емес ұйымдар.

2020 жылы Қызылорда облысында 996 ҮЕҰ (443 бірлестік, 294 қор, 259 филиал мен өкілдік) тіркелген. Оның 454-і іс жүзінде жұмыс істейді. Басқарма облыстағы ҮЕҰ жүзеге асыратын әлеуметтік жобаларға тұрақты мониторинг жүргізеді.

Мемлекеттік әлеуметтік жобалар.

2020 жылы облыстық бюджеттен 10 әлеуметтік жобаға 62 миллион 778 мың теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 10 миллион теңгеге 1 жоба іске асырылуда. 3 жоба іске асырылды.

ҚР Президентінің «имидждік шараларға арналған бюджеттік шығыстарды қысқарту» туралы тапсырмасына сәйкес облыстық бюджетке
6 жоба (28 миллион 530 мың теңге) қайтарылды.

Саяси партиялар.

2020 жылы Қызылорда облысында саяси партиялардың 6 өңірлік филиалы (комитеттер мен өкілдіктер) тіркелген және жұмыс істейді, саяси партияларда 70 мыңнан астам адам тіркелген.

(Анықтама үшін: «Нұр Отан» партиясы - 43774 адам, "Аq jol" демократиялық партиясы - 6938 адам, "Ауыл" халықтық демократиялық партиясы-10081 адам, ҚКХП - 5456 адам, "Бірлік" партиясы -333 адам және "ЖСДП" - 3000 адам)

Әлеуметтік-саяси маңызды оқиғалар.

2020 жылы 286 шараны қамтыған облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары (оның ішінде 25 мерейтойлық, 65 атаулы іс-шаралар) бекітілді. Есепті кезеңде жоспарға сәйкес 55 ауқымды іс-шара өткізілді.

Волонтерлік қызмет бойынша.

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес жыл басында «Волонтер жылын» өткізу жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары әзірленіп, облыс әкімімен бекітілді.

COVID-19 пандемиясына байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, 2020 жылдың 16 наурызында облыстық іс-шаралар жоспары қайта бектілді.

Жоспарға 6 тақырыптық бағыт бойынша 693 шара енгізілді.

Жоспар бойынша жоспарланған іс-шаралар «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан құрылған «Фронт-офис» және 7 бағыттағы волонтерлік топтар («Bilim», «Saylyq», «Umit», «Qamqor», «Asyl mura», «Sabaqtastyk», «Taza álem» бағыттары) арқылы жүзеге асырылады.

Дата публикации
20 октября 2020
Дата обновления
20 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 июля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ақпарат
09 февраля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ережелер мен рәсімдер
12 июня 2025
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы