Меню

Страницы

Статья

Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бөлімінің 2020 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының есебі

Ономастика саласы бойынша «Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленіп, тиісті министрліктерден келісім алынды. Нәтижесімен ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 2 наурыздағы            № 92 қаулысы шықты.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 12 наурызында облыстық ономастика комиссиясының отырысы өткізіліп, онда Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай екі білім беру ұйымына атау беру туралы ұсыныстарға оң қорытынды берілді. Нәтижесімен қолдау тапқан ұсыныстар облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың 2020 жылғы                 29 мамырдағы кезекті сессиясында мақұлданып, бірлескен шешіммен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды.

Аталған ұсыныстар 2020 жылғы 31 қаңтарда жолданған ұсыныстармен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 30 маусымында өткен отырысында қаралып, ұсынылған 6 объектіге оң қорытынды берілді. Бүгінде қолдау тапқан объектілер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленіп, бес министрлікпен келісілуде.

Мемлекеттік рәміздерді қолдану, бақылау және ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізудің 2020 жылға арналған жоспарына сәйкес бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, Қызылорда қаласы мен аудандардағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуы мен орналастырылуын бақылау мақсатында 2020 жылғы 26 мамыр - 18 маусым аралығында облыстық ішкі саясат басқармасы және облыстық полиция департаменті қызметкерлерінен құрылған  инспекциялық топ облыс бойынша 167 мемлекеттік мекемеге зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында мемлекеттік мекемелерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы жаңа стандартқа сай (латын графикасындағы «QAZAQSTAN» жазуымен) толығымен ауыстырылғандығы анықталды. 

Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы 2020 жылғы 20 тамызда өткен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия отырысында қаралып, тиісінше хаттамалық тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану мәселесі туралы Мемлекет басшысының (№19-32-17.447-1,02.01.2020ж.) тапсырмасын іске асырудың арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 28 маусымдағы №454 қаулысымен жеке және заңды тұлғалар Мемлекеттік туды патриоттық сезімді білдіру үшін еркін пайдалана алатындығы туралы нормативтік актіге енгізілген өзгерістер туралы «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт апталығы», «Қазалы», «Жалағаш жаршысы», «Қармақшы таңы», «Тіршілік тынысы», «Толқын», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттерінде, әлеуметтік желілерде ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.

         4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай жоспарланған  шаралар елімізде короновирус пандемиясының таралуына байланысты  онлайн түрінде өткізілді.

Жалпы, облыс бойынша Мемлекеттік рәміздер мерекесіне орай        2749 шара өткізіліп, оған 13 мыңға жуық адам қамтылды.  Республикалық және жергілікті телеарналардан 20 сюжет көрсетіліп, республикалық және жергілікті баспа басылымдарда 50-ге жуық материал жарияланды. YouTube каналдары мен әлеуметтік желілерде 800-ден астам материал орналастырылды.

2020 жылғы 13 шілде  короновирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Қызылорда қаласындағы мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында Мемлекеттік Тудың уақытында төмен түсірілуі мен  көтерілуін қамтамасыз ету мақсатында         12-13 шілде күндері 4 мобильді топ түнгі рейдтік бақылау жұмыстарын жүргізді.

         Көрнекі ақпараттарда тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның  21-бап талаптарына сәйкес облыс көлемінде ақпараттық-түсіндірме және насихат жұмыстарын жүргізудің жұмыс жоспары бекітілді (13.01.2020 жылғы №03/1-6/205).

Жұмыс жоспарына сәйкес Қызылорда қаласы мен аудандарда            546 нысанға ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кемшілік анықталған 54 нысанға ескерту жасалды.

Сондай-ақ, басқарма тарапынан «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабында көрсетілген талаптардың орындалуына талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда қаласының орталық көшелері мен шағын аудандарында орналасқан 1261 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен, 198 нысанның көрнекі ақпараттарында кемшілік анықталды.

Осыған сәйкес, облыстық ішкі саясат, кәсіпкерлік және туризм басқармалары, Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ облыстық филиалы, «Жас Отан» ЖҚ жанындағы «Таза тіл» ерікті жастар тобы өкілдерінен құрылған мобильді топ көрнекі ақпараттарында кемшілік анықталған Қызылорда қаласының Әйтеке би және Желтоқсан көшелерінің бойында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелеріне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бап талаптарын түсіндірді.

Түсіндіру барысында кәсіпкерлік нысан иелеріне Заңнан үзінділер, көрнекі ақпарат мәтіндерін жазудың және орналастырудың схема-үлгілері, анықтама алу және сұрақтар бойынша басқарманың байланыс телефондары мен әдістемелік көмектер көрсету үшін электронды поштасы жазылған таратпа материалдар берілді.

         Сонымен қатар, мемлекеттік мерекелер мен айтулы  күндерге орай қала, аудандардағы халық көп шоғырланатын қоғамдық орындар мен орталық көшелерге ақпараттық-көрнекілік безендіру жұмыстары жүргізілді.

         Есепті мерзім ішінде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне                    жергілікті әкімдіктердің ұсыныстарына сәйкес 130 топонимикалық атау енгізілді.

Дата публикации
02 октября 2020
Дата обновления
02 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 июля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ақпарат
09 февраля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ережелер мен рәсімдер
12 июня 2025
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы