Меню

Страницы

Статья

Дін саласында атқарылған жұмыстардың есебі (2020 жылдың 9 айы бойынша)

Қызылорда облысында дін мәселесі жөнінде 177 адамнан құралған 9 ақпараттық-түсіндіру тобы (1-облыстық, 1-қалалық, 7-аудандық) жұмыс жасайды.

Ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен ағымдағы жыл басынан бері түрлі форматта 1 014 шара өтіп, 13 903 адам қамтылды. Оның ішінде, деструктивті діни ағымды ұстанушы азаматтарды оңалту мақсатында 586 адрестік кездесу өткізілсе, деструктивті діни ағым идеологиясының қауіптілігі туралы халықты ақпараттандыру мақсатында адам көп шоғырланатын орындарда 41 акция ұйымдастырылып (1 365 адам), тұрғындарға 1 265 ақпараттық-танымдық материал таратылды.

2020 жылғы 7 қаңтарда христиандық «Рождество» мейрамына орай, облыстық ішкі саясат басқармасының басшылығы «Шымкент Епархиясы Қызылорда қаласы Қазан Құдай Ана Иконасы храмының приходы» православие шіркеуінің настоятелі В.А. Ивашининге облыс әкімінің құттықтауын жеткізді. Сонымен бірге, аталған шіркеудегі «шоқыну» рәсіміне (крещение) 500 тұрғын, ал Сырдария өзеніне 17 адам барып қатысқан. Бұл құлшылық рәсімдерін жүргізу барысы жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылауға алынып, оқыс оқиғалар орын алмады.

22 қаңтар күні ҚМДБ-ның облыстағы өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен өңірдегі барлық имамдармен кездесу өтті. Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының қызметкерлері Е. Есов, Ш. Назаров қатысып, биылғы жылы мешіт имамдарының профилактикалық жұмыстарын жүзеге асыру барысы талқыланды.

23 қаңтарда облыстық ішкі саясат басқармасының қызметкерлері Е. Есов, Ш. Назаров, Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары А. Боранбаев және Н. Ниязбекова Сириядан оралған қызылордалық 2 азаматшамен кездесу өткізіп, зайырлы мемлекеттің құндылықтары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

2020 жылғы 3 ақпанда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т. Маханов, ҚР ҰҚК департаментінің қызметкерлері және ҚМДБ-ның облыстағы өкілі Б. Абуовтің қатысуымен мешіт қызметкерлерімен кездесу өтіп (шараға 200 имам қамтылды), имамдардың қызметін жетілдіру мәселесі талқыланды.

7 ақпанда Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Б. Оспанов облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен «Ислам дінінде адамзатқа қойылған талаптар мен шектеулер, дін мәселелері және экстремизмнен қалай арыламыз?» тақырыбында сұхбат жүргізді.

7 ақпанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «30 игі шара» акциясы аясында «Достық» үйінде «Жарасымды жанұя» тренингі өтті. Шараға  350 тұрғын қамтылып, 3 кезең бойынша ұйымдастырылған «сұрақ-жауап» ойынында ұтып шыққан жеңімпаздар Кіші қажылыққа жолдамамен және басқа да арнайы сыйлықтармен марапатталды.

14-15 ақпан аралығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Абдуғаппар Сманов Қызылорда қаласындағы мешіт жамағатымен және Сырдария ауданының тұрғындарымен кездесіп, «Ислам дініндегі ата-ананың қадірі» тақырыбында сұхбат жүргізді.

17-18 ақпан аралығында дін саласы мамандарының біліктілігін арттыру бағытында «Ағымдағы ахуалды талдау, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың даму үрдістері» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.

20 ақпанда өңіраралық тәжірибе алмасу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының сала мамандарымен «Дерадикалдандырудың заманауи тәжірибелері» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өткізіліп, шарада «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің теологы Рүстем Сыздықов, «Парасат» кеңес беру әдістемелік орталығының директоры Индира Беркімбаева тақырып аясында баяндама жасады.

2020 жылғы 24-28 ақпан аралығында Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары А. Боранбаев, Н. Тәшімов, Б. Оспанов, Ш. Тобжанов, Қ. Кеңесбеков Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын түсіндіру мақсатында Қызылорда қаласындағы жоғары және орта оқу орындарының жастарымен кездесу өткізіп, шараға 415 адам қамтылды. Кездесу барысында жастардың рухани құндылықтары, діни сауаттылықты арттыру мәселелері талқыланды.

Облыстық АТТ құрамындағы теолог мамандар әр аптаның жұма күндері мешіттердегі діни рәсімдерге және күнделікті кешкілік уақытта (шам және құптан намаздары аралығында) мешіт жамағытымен кездесіп, зайырлы құндылықтар бойынша сұхбат жүргізіп тұрады. Бақылау, зерделеу шаралары барысында туындаған мәселелерге қатысты Терроризмге қарсы комиссия аппаратына ұсыныс беріледі.

Ағымдағы жылғы II тоқсанда дін саласындағы ақпараттық-түсіндірмелік шаралар онлайн форматта және санитарлық талаптарды сақтай отырып кездесулер ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, облыстық АТТ мүшелері Б. Оспанов, Ж. Дәрібаев, Қ. Кеңесбеков, А. Сақтағанова, Т. Демесбай, Ж. Өтегенов, Н. Күнмырза Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінің тікелей эфирі арқылы 16 рет сұхбат жүргізіп, маңызды тақырыптармен бөлісті.

Сондай-ақ, 04 мамырда облыстық АТТ-ның теолог маманы А. Сақтағанова Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ДО-18-1 оқу тобында «Zoom» программасы арқылы «Ниет тазалығы – имандылық мұраты» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

04 маусымда Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Н. Ниязбекова және Жамбыл облысы Дін проблемаларын зерттеу орталығының психологы Т. Бақдаулеттің «Жат ағымдардың арбау тәсілдері мен санаға әсері» тақырыбында сұхбаты болды.

27 мамырда облыстық АТТ мүшесі Б. Камалов ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында «Деструктивті діни ағымдардың қоғамға әсері» тақырыбында дәріс өткізді.

02 маусымда дінтанушы маман Б. Оспановтың қатысуымен Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне «Теріс діни ағымдардың белгілері, зардабы және олардан сақтану жолдары» тақырыбында семинар өткізілді.

12 маусымда «Жусан» операциясымен Сириядан оралған қызылордалық К.Г. азаматша «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына» байланысты Абай өлеңдерін оқығаны бейне роликке түсірілді және әлеуметтік желілерге таратылды.

30 шілдеде «Skype» бағдарламасы дін мәселелері жөніндегі өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобымен онлайн форматтағы оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында «Карантин кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық түсіндіру шараларын жүргізудің маңыздылығы», «Діни материалдарды жариялауда ескерілу керек мәселелер» және «Әлеуметтік желі әдебі» тақырыптарында сөз қозғалды. Онлайн семинарға аймақтың 7 ауданынан 21 АТТ мүшесі қатысты.

Тұрғындар арасында деструктивті діни ағымнан сақтандыру мақсатында а.ж. 28 шілде – 13 тамыз күндері «Сыбаға», «Мирас», «Отырар», «Жаңа базар», «Small» сауда орталықтарында, «Қазпошта» АҚ, «Шанхай» м/а сауда орны және темір жол вокзалы маңындағы автобус, такси тұрақтарында акция ұйымдастырылып, «Дін мен дәстүр үндестігі», «Жат ағым желіде жетектемесін», «Сіз отандық діни білім беру оқу орындарын білесіз бе?» тақырыбында брошюралар таратылды.

3 тамызда ҚР АҚДМ Дін істері комитеті және «Нұр-Мүбарак» университеті тарапынан ұйымдастырылған «Ислам негізінің деструктивтік және радикалды діни идеологиясы ізбасарларын қайта қалпына келтіру және оңалту саласында мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы онлайн оқыту семинары теолог мамандардың қатысуымен өткізілді.

8 қыркүйек күні Қызылорда қаласында белгісіз мақсаттарда қаражат жинау көмектесу салдарынан туындайтын (алаяқтық, терроризмді қаржыландыру т.б.) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қаралған жауапкершіліктер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл шараға облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ш. Назаров, бас маман Е. Есов, Дін мәселелерін зерттеу орталығынан Н. Тәшімов, Ж. Кемелханов және облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Д.Туляпов қатысты.

9-10 қыркүйек күндері жергілікті діни бірлестік (бұдан әрі – ЖДБ) жетекшілерімен ZOOM платформасы арқылы кездесу өткізілді. Кездесу барысында ЖДБ жетекшілеріне діни ғимараттарда санитарлық-дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, жекелеген құлшылықтар жасау қажеттігі және ғибадатханалардың санитайзерлер мен тепловизорлармен жабдықталуы қажет екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

11 қыркүйек күні  «Отбасылық құндылықтары мен отбасы институтын нығайтудағы діннің рөлі» тақырыбында онлайн (ZOOM платформасы) орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Ж. Маткаримовтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Шараға ҮЕҰ, Орталық мамандары, ҚМДБ өкілдігі жанындағы қыздар-әйелдер секторының өкілдері, әйел жамағаты, «Жусан» гуманитарлық операциясымен елге оралған Г. Келімбетова қатысты.

Есепті мерзімде Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің түзеу мекемелеріндегі экстремизм және терроризм бабымен сотталған тұлғаларды радикалды көзқарасынан қайтару мақсатында теолог мамандар 95 жеке кездесу өткізсе, ҚР Қылмыстық Кодексінің 174 бабымен пробациялық есепке тіркелген ДДА ұстанушылармен 16 мақсатты кездесу ұйымдастырылды.

Аймақ тұрғындарын деструктивті діни ағым идеологиясынан сақтандыру мақсатында БАҚ-та жалпы 393 материал жарық көрсе, оның ішінде баспа басылымда – 102, интернет ресурс – 291 материал жарияланды.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында экстремистік сипатта күмән келтірген 105 сілтеме Дін істері комитетіне жолданып, 54 сілтеме бұғатталды.

Дата публикации
02 октября 2020
Дата обновления
02 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 июля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ақпарат
09 февраля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ережелер мен рәсімдер
12 июня 2025
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы