2024 жылдың ІІІ тоқсанында басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 54 өтініш келіп түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 29, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер – 22 ұжымдық өтініштер – 3. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімде жауаптары берілді.
Басқарма басшысының 2024 жылғы 2 тамыздағы №02-04/30 бұйрығымен басқарма басшысы мен орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бекітілген. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, облыстық мекемелер үйі ғимаратының 1 қабатында орналастырылған.
Есепті кезеңде басқарма басшысы мен орынбасарларының жеке қабылдауында 10 азамат болды. Қабылдау барысында көше атауын беру мәселесі, мәдени іс-шаралар және мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар бойынша т.б. ұсыныстар түскен. Барлық өтініш иелеріне заңдылыққа сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.