Үкіметтік емес ұйымдар.
2020 жылы Қызылорда облысында 996 ҮЕҰ (443 бірлестік, 294 қор, 259 филиал мен өкілдік) тіркелген. Оның 454-і іс жүзінде жұмыс істейді. Басқарма облыстағы ҮЕҰ жүзеге асыратын әлеуметтік жобаларға тұрақты мониторинг жүргізеді.
Мемлекеттік әлеуметтік жобалар.
2020 жылы облыстық бюджеттен 10 әлеуметтік жобаға 62 миллион 778 мың теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 39 миллион 164 мың теңгеге 5 жоба іске асырылуда. 1 жоба іске асырылды.
ҚР Президентінің «имидждік шараларға арналған бюджеттік шығыстарды қысқарту» туралы тапсырмасына сәйкес облыстық бюджетке
4 жоба (18 миллион 920 мың теңге) қайтарылды.
Саяси партиялар.
2020 жылы Қызылорда облысында саяси партиялардың 6 өңірлік филиалы (комитеттер мен өкілдіктер) тіркелген және жұмыс істейді, саяси партияларда 70 мыңнан астам адам тіркелген.
(Анықтама үшін: «Нұр Отан» партиясы - 44 718 адам, "Ақ жол" демократиялық партиясы - 6925 адам, "Ауыл" халықтық демократиялық партиясы-10763 адам, ҚКХП - 5456 адам, "Бірлік" партиясы -360 адам және "ЖСДП" - 3000 адам)
Әлеуметтік-саяси маңызды оқиғалар.
2020 жылы 286 шараны қамтыған облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары (оның ішінде 25 мерейтойлық, 65 атаулы іс-шаралар) бекітілді. Есепті кезеңде жоспарға сәйкес 55 ауқымды іс-шара өткізілді.
Волонтерлік қызмет бойынша.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес жыл басында «Волонтер жылын» өткізу жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары әзірленіп, облыс әкімімен бекітілді.
Жоспарға 6 тақырыптық бағыт бойынша 114 шара енгізілді.
COVID-19 пандемиясына байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, облыстық іс-шаралар жоспары мен облыстық медиа-жоспарға өзгерістер енгізіліп, 55 шара онлайн форматқа ауыстырылды.
Жоспар бойынша жоспарланған іс-шаралар «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан құрылған «Фронт-офис» және 7 бағыттағы волонтерлік топтар («Bilim», «Saylyq», «Umit», «Qamqor», «Asyl mura», «Sabaqtastyk», «Taza álem» бағыттары) арқылы жүзеге асырылады.