Облыстың медиа кеңістігінде 101 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасауда. Оның ішінде электронды 8, ақпараттық агенттік 3, интернет сайттар 3, баспа БАҚ 87.
Тақырыптық бағытты талдаудың нәтижесі бойынша БАҚ-тың 30% қоғамдық-саяси, 30% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 45% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат таратады.
Интернет желісінде 18 БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (жергілікті «Qyzylorda», «Қоғам ТВ» телеарналары, «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», «Ақмешіт ақшамы», «Халық» облыстық газеттері, «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» аудандық газеттері «Әлімсақ» журналы).
2020 жылғы 13 қаңтарда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталған медиа-жоспар өңіріміздегі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.
Жыл басынан бері Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 292 брифинг өткізіліп, БАҚ өкілдерімен 25 баспасөз туры ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда тұрғындарды ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 130 215 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 92%-ын құрайды.