Меню

Страницы

Статья

"Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының" Қызылорда облысында орындалуы жайлы ақпарат

Қызылорда облысында мемлекеттік тіл саясаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына" сәйкес жүзеге асырылып келеді. Қызылорда облысында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға 2020 жылы облыстық бюджеттен 82 млн.теңге қаржы бөлінді.Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 179 қаулысымен "Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары" бекітілді. Аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыста бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды. Есепті мерзімде Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы 920 адам, оның ішінде 460 адам мемлекеттік тілді, 205 адам орыс тілін, 255 адам ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті. Оқыту курстары еліміздегі карантиндік жағдайға байланысты онлайн түрде жалғасын табуда. Тілдік ахуалды зерделеу бойынша 2020 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысымен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,7 пайызды, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 97,3 пайызды құрады. Жыл басынан бері жаңа әліпби мен Емле ережені талқылау, түсіндіру бағытында 2 талқылау отырысы, 6 семинар, 11 дөңгелек үстел отырысы, 4 жастармен пікір алмасу кеші, 3 тақырыптық кеш, 5 кітап көрмесі, 3 танымдық сағат, барлығы 34 іс-шара өткізілсе, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бағытында облыстық, қалалық және аудандық баспа басылымдарда және әлеуметтік желілерде әліпбиді жетілдіруге, тұрғындар арасында түсіндіруге қатысты 100-ге жуық мақала жарияланды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өткен мемлекеттік қызметшілерге "Латын графикасы негізіндегі ресми жазылым" тақырыбында 4, 8 сағаттық біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша облыстық «Qyzylorda», қалалық «Қоғам ТВ» телеарналары мен «Фейсбук» әлеуметтік желісінің ресми парақшаларында «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру», «Латын графикасын мектептерде оқыту», «Латын графикасымен және емле ережелерімен мұғалімдерді таныстыру», «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» және т.б. әлеуметтік роликтер топтамасы жарияланды.
Сонымен қатар, басқарманың тапсырысымен облыстық "Qyzylorda" телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға бастайтын "Маржан сөз" интеллектуалдық телеойыны мен халық арасында жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелерін түсіндіру, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныстыру мақсатында "Тіл - таным" телебағдарламасы тоқсан сайын көрсетілуде.
«Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы асында 2020 жылғы 23 маусым күні мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында журналистер арасында ұйымдастырылған "Мемлекеттік тіл және БАҚ" облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Қазіргі уақытта елімізде енгізілген карантиндік жағдайға байланысты көпшілік мәдени шаралар тоқтатылып тұр.

Дата публикации
17 июля 2020
Дата обновления
17 июля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 июля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ақпарат
09 февраля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ережелер мен рәсімдер
12 июня 2025
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы