Қызылорда облысында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.
2023 жылы аймақта заңсыз наразылық акциялары орын алмады. 2023 жергілікті тұрғындардың қатысуымен 52 жиын орын алды. Оның ішінде: жер дауы-16, жүк көлік иелері-5, шетелдік көлік-6, еңбек дауы-10, құқық қорғау органдарына наразылық-3, білім саласы мәселесі-4, Лото клубқа қарсылық-2, экология мәселесі-1, әскери комиссариаттың жұмысына наразылық-1, Артспорт мәселесі-1, егістікке су тапшылығы-1, көпбалалы аналар-1, газ мәселесі -1.
Наразылық акцияларын болдырмау мақсатында әлеуметтік-саяси шиеленістің алғышарттарын анықтау бойынша тұрақты мониторинг жүргізіледі. Мониторинг барысында анықталған өзекті мәселелер тоқсан сайын «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіледі.
2023 жылы қоғамдық-саяси ахуалға әсер етуі мүмкін деген
21 мәселе ағымдағы жылдың IV тоқсанына арналған «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтар Картасына» енгізілді.
Анықтама ретінде: Оның ішінде, 6-ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары, 2-коммуналдық қызметтердің іркіліссіз жұмыс жасауы, 1-сұйытылған газ тапшылығы бойынша, 5-медицина саласы бойынша туындаған мәселе, 1-білім саласы бойынша туындаған мәселе, 1-апатты жағдайдағы үйлер бойынша, 1-қайтарымсыз грант мәселесі, 1-азық-түлікпен қамтамасыз ету, баға тұрақтылығы, 1-шығармашылық үйірмелердің қаржы мәселесі, 1- сексеуіл тұқымын жинақтаған жұмыскерлерге қаржы төлеу мәселесі, 1-«Loto Club» букмекерлік кеңсесінің жұмысына байланысты.
Қалған мәселелер бойынша құқық қорғау органдарымен ведомствоаралық деңгейде жұмыстар үйлестірілуде.
Халық арасында «Әлеуметтік шиеленіс ошақтарын» қалыптастыруы мүмкін деген санатқа жататын 17 белсенді тұлғаның тізімі жасақталып, олар бойынша құқық қорғау органдарымен бірлесіп профилактикалық жұмыстар нәтижесінде ешқандай наразылық белгілері орын алмады.
Аймақ бойынша қоғамдық-саяси ахуал қатаң бақылауға алынған.
Мемлекет басшысының жаңа бастамалары мен идеяларын халыққа түсіндіру және наразылық жиындар кезінде тұлғалармен келіссөздер жүргізу мақсатында зиялы қауым өкілдерінен 71 спикер айқындалды.
Қазіргі таңда, «Ақпараттық талдау орталығы» бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес қоғамдық пікірді зерттеу арқылы облыстағы қоғамдық-саяси ахуалға әсер ететін жағдайлар мен өзекті мәселелерді анықтайды.
2023 жылы «Ақпараттық-талдау орталығымен» 45 260 респонденттің қатысуымен 24 тақырып бойынша 30 әлеуметтанулық зерттеу жүргізіліп, талдамалық-есептік ақпараты облыстық қоғамдық даму басқармасына және жауапты құзырлы мекемелерге жолданды.