Облыстың медиа кеңістігінде 148 (13 мемлекеттік, 135 тәуелсіз) бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасауда. Оның ішінде 119 баспа БАҚ, 26 интернет-сайттар мен ақпараттық агенттіктер, 3 телеарна. Олардың 137-і облыстық, 2-еуі қалалық, 9-ы аудандық деңгейде ақпараттық таратушылар. Бұқаралық ақпарат құралдарының тек 1-еуі орыс тілінде, 5-еуі мемлекеттік және орыс тілдерінде, 142-сі мемлекеттік тілде ақпарат таратады.
2023 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру қызметіне 1 157 234,0 (лимит 925 734,0 мың.тг) бөлініп, барлығы 100 лот аясында 112 келісім-шарт жасалып, ақпараттық жұмыс жүргізілуде.
Мемлекеттік органдарды БАҚ-пен байланыстыратын «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ алаңында есепті уақытта 327 баспасөз конференциясы (көшпелі брифинг - 57) өткізіліп, БАҚ өкілдерімен 26 баспасөз туры ұйымдастырылды. Ақпараттық ағынды қалыптастыру бағытында түсіндірмелік бағытта 5000- нан аса баннерлер мен графикалар таратылған.
Ұлттық цифрлық телехабар
Облыс бойынша 130 215 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл бастағы меженің 92%-ын құрайды.
Интернет-конференция
Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Ашық диалог» egov.kz порталында Қызылорда облысы әкімінің қатысумен онлайн режимінде түрлі тақырыптарда интернет-конференциялар ұйымдастырылады. Жыл басынан бері 14 интернет-конференция және 12 сауалнама жоспарланып, ұйымдастырылды. Интернет-конференцияда 47 сұрақ келіп түсіп, барлығына онлайн режимде уақытылы жауап берілді.