Аймақта 14 пен 35 жас аралығындағы 244 865 жас есепке алынып, жалпы халықтың 29,3%-ын құрап отыр.
2023 жылғы қорытындысымен жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,5%-ды құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіште төмендеу бар (2022 ж. 4,0%).
Аймақта NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету бағытындағы жұмыстарға негізгі басымдылық берілген. Бұл санаттағы жастардың үлесі 7,5%-ды (17 115) құрады (2022 ж. 7,8%). Өңірлер арасында 7-ші сатыда.
Жастарды дамыту мен қолдауға 2023 жылға жергілікті бюджеттен 1 846,0 млн.теңге (2022 ж. 488,6 млн. теңге); оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 32 жобаға (2022 жылы – 20 жоба) 225,6 млн.теңге (2022 жылы – 180,2 млн. теңге), облыс бойынша жастар ресурстық орталықтарының аппараттық шығындарына (еңбек ақылары және өзге де төлемдер) 420,4 млн. теңге, «Сыр жастары» Қызылорда облысының жастарына жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасын» жүзеге асыруға 1 200,0 млн.теңге бөлінді.
Айта кету керек, қазан айында «Сыр жастары» тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау ұйымдастырылып, 789 жастан өтінім түсті. Конкурс нәтижесімен 471 жастың құжаттары талаптарға сәйкес қабылданып, оның ішінде санаттарға бөлінген квота бойынша балы жоғары 100 үміткерге «Отбасы банк» АҚ ҚОФнан төлем қабілетін растаудан өту үшін жолдама берілді.
Жастарды әлеуметтендіру (жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу), білім беру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру (еңбек жасақтарының қатарына және волонтерлік қызметке тарту) бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Бұл бағытта жыл көлемінде 3 265 шара ұйымдастырылып, 120 мыңға жуық (119 825) жас қатыстырылды. Кеңес алған жастар саны – 21 652.
Айта кету керек, тоқсан сайын ұйымдастырылған «Мүмкіндіктер алаңы» шарасы жастарды әлеуметтендіруде зор септігін тигізді. Шара аясында 3 211 бос жұмыс орындары ұсынылып, тұрақты жұмысқа – 1 113 жас орналасты. Кеңес алған жастар саны – 4 225.
Жыл көлемінде жастардың барлық санаттарын қамти отырып ірі көлемді іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Асқар Жұмаділдаев атындағы жас математиктер арасындағы халықаралық байқау», облыстық «Жайдарман» турнирі, «Тәуелсіздік ұрпақтары» облыстық байқауы, ерекше жастарға арналған 3 күндік лагерь мен «Жастар балы», NEET санатындағы және пробация есебіндегі жастар арасында өңірлік «Жастар спартакиадасы», жас мемлекеттік қызметшілердің облыстық слеті мен облыстық интеллектуалдық ойын өтті.
Сондай-ақ, 15 жасқа облыс әкімінің «Сыр үміті» жастар сыйлығы, 18 волонтерге «Жыл волонтері» облыстық сыйлығы табысталды.
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарына да басымдық берілді. Осының нәтижесінде «Айбын-2023» ІХ Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында «Сыр айбындары» командасы жалпы командалық есепте үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі I орынды иеленді.
Жоспарға сәйкес, «Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңестің» 2 отырысы өткізілді. Кеңес отырыстарында 8 мәселе қаралып, барлығы 35 хаттамалық тапсырма берілді. Тапсырмалардың орындалу барысы бақылауға алынып, мерзімдеріне сәйкес ақпарат ұсынылып келеді.
Қазіргі таңда Кеңестің қорытынды отырысында берілген тапсырмаңызға сәйкес «Жастар ресурстық орталықтарының қызметін трансформациялау бойынша Тұжырымдама жобасы» әзірленуде.
Басқарма тарапынан аймақта мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуы мен орналастырылуына мониторинг жүргізіліп келеді. Зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы инспекциялық топ құрылған.
Испекциялық топ жылына 2 рет аймақтағы мемлекеттік органдарда зерделеу жұмыстарын жүргізіп келеді. 2023 жылы зерделеу жұмыстарымен 681 мемлекеттік мекеме қамтылып, 57 мекемеде кемшіліктер анықталса, 49-ы дер кезінде қалпына келтірілді. 2 мекеме басшысына әкімшілік хаттама (МемлекеттікТу жыртылған) толтырылды.
Сондай-ақ, жыл сайын «Қызылорда облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау бойынша облыстық іс-шаралар жоспары» бекітіліп келеді. 2023 жылы жоспар аясында 150-ге (148) жуық түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылып, 93 мыңға жуық адам қамтылды.
Ағымдағы жылы жастар арасында мемлекеттік рәміздерді насихаттау, патриоттық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында жалпы құны 4,0 млн.теңгені құрайтын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттауға бағытталған іс-шараларды жүргізу» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылатын болады.