Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 1-тармағын орындау үшін Үкіметтің «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жөніндегі» және үлгілік базалық бағытының 4-ші жобасы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу мақсатында іс-шара жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес Қоғамдық даму басқармасымен есепті кезеңде облыс бойынша халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды түсіндіру бағытында және жастар арасында көптеген шаралар (дөңгелек үстел , форум және семинар) ұйымдастырылды.
Ақпараттық жұмыстар бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы облыстық «Qyzylorda» және қалалық «Қоғам ТВ» телеарналарында жаңалықтар қызметінен сюжеттер және арнайы «Жемқорлық індет», «Жемқорлық-елдің жауы», «Жемқорлықлықсыз жарқын болашақ» және «Жемқорлыққа жоқ де» тақырыптарында 4 бейнеролик дайындалып, телеарна эфирінен 84 рет көрсетілді. Жергілікті БАҚ-та 154 мақала және интернет-сайттарда 100-ге жуық материал жарияланды. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 2 брифинг өткізілді. Атап айтқанда, Жергілікті «Qyzylorda» телеарнасы арқылы 2 бейнеролик әр айдың соңғы аптасында күніне 2 реттен эфирден көрсетілуде. Жыл басынан бері 2 бейнеролик 84 рет көрсетілді.
Халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру бағытында болатын 2 тақырыптық бағытта (ЖК «Дегдар-медиа», «Ел тілегі» газеті (ЖШС «Сан-Ай» пресс) мемлекеттік ақпараттық тапсырыспен жұмыс жасалуда.
«Ел тілегі» республикалық ақпараттық-танымдық газетінде «Әділет алаңы», «Құқық құрығы» тақырыптарында арнайы айдарлар ашылып, материалдар тұрақты жариялануда.
Сонымен қатар, жегілікті «DegdarNEWS» сайтының құқық айдарында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттар орналастырылуда.
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 2 брифинг өткізілді. Халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру бағытында 2 тақырыптық бағытта (ЖК «Дегдар-медиа», «Ел тілегі» газеті (ЖШС «Сан-Ай» пресс) мемлекеттік ақпараттық тапсырыспен жұмыс жасалуда.
«Ел тілегі» республикалық ақпараттық-танымдық газетінде «Әділет алаңы», «Құқық құрығы» тақырыптарында арнайы айдарлар ашылып, материалдар тұрақты жариялануда.
Зерделеу жұмыстарының аясында кемшіліктер анықталған жағдайда, әкімдіктерге тиісті тапсырмалар беріліп, орын алған кемшіліктер жойылып отырады.
Сонымен қатар, ақпан айында ақпараттық плакаттар
А3 форматта-750 дана, А5 форматта-750 дана (барлығы 1500 дана) шығарылды. Ақпараттық плакаттар халық көп шоғырланатын жерлерде (аялдама, базарларда) және ойын сауық орталықтарында таратылып, ілінді.
-28 наурыз күні Достық үйінде этнос өкілдерімен және облыстық ассамблея белсенділерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа-жол жоқ!» тақырыбында кездесу өткізілді.
ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында суреттер байқауының қорытынды іс-шарасы өткізілді. Шара қорытындысы бойынша суреттер байқауынан І орын иеленген Мұханбетжан Мағжан, ІІ орын иеленген Берік Алтынай Айбекқызы, ІІІ орын иеленген Майланова Ағияш жүлделі орын алған жеңімпаздарға арнайы лента тағылып, диплом және жүлделі сыйлар табысталды. Шараға Қызылорда облысы бойынша департаментiнiң превенция басқармасының бас маманы Қойшыбаева Жанар Жалғасбайқызы, Облыстық қоғамдық даму басқармасының заңгері Аблаева Аида Бекболатовна және С. Айтбаев атындағы көркемсурет галлереясының суретшісі Назаров Батырбек Жеңісбекұлы қатысты.
Жалпы, үлгілік базалық бағытының 4-жобасы аясында жұмыстар нұсқамаға сәйкес орындалуда.