Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 1-тармағын орындау үшін Үкіметтің «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жөніндегі» және үлгілік базалық бағытының 4-ші жобасы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу мақсатында іс-шара жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес Қоғамдық даму басқармасымен есепті кезеңде облыс бойынша халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды түсіндіру бағытында және жастар арасында көптеген шаралар (дөңгелек үстел , форум және семинар) ұйымдастырылды.
Ақпараттық жұмыстар бойынша Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы облыстық «Qyzylorda» және қалалық «Қоғам ТВ» телеарналарында жаңалықтар қызметінен сюжеттер және арнайы «Жемқорлық індет», «Жемқорлық-елдің жауы», «Жемқорлықлықсыз жарқын болашақ» және «Жемқорлыққа жоқ де» тақырыптарында 4 бейнеролик дайындалып, телеарна эфирінен 84 рет көрсетілді. Жергілікті БАҚ-та 154 мақала және интернет-сайттарда 100-ға жуық материал жарияланды. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 2 брифинг өткізілді. Атап айтқанда, Жергілікті «Qyzylorda» телеарнасы арқылы 2 бейнеролик әр айдың соңғы аптасында күніне 2 реттен эфирден көрсетілуде. Жыл басынан бері 2 бейнеролик 84 рет көрсетілді.
«Ел тілегі» республикалық ақпараттық-танымдық газетінде «Әділет алаңы», «Құқық құрығы» тақырыптарында арнайы айдарлар ашылып, материалдар тұрақты жариялануда.
Сыбайлас жемқорлық және адалдық тақырыптарында Қызылорда қаласы мен аудандарда барлығы 125 көрнекі ақпарат құралы (билборд) орналастырылған. Билбордтартың басым көпшілігі қала және аудан орталықтарында ілінген. Оның ішінде Арал ауданы бойынша – 36 билборд, Қазалы ауданы – 21, Қармақшы ауданы – 14, Жалағаш ауданы – 15, Сырдария ауданы – 6, Шиелі ауданы – 10, Жаңақорған ауданы – 18, Қызылорда қаласы – 5 билборд орналастырылған.
Сонымен қатар, ақпан айында А3 форматта-750 дана, А5 форматта-750 дана (барлығы 1500 дана) ақпараттық плакаттар шығарылды. Ақпараттық плакаттар халық көп шоғырланатын аялдама, базар және ойын-сауық орталықтарында таратылып, ілінді.
28 наурыз күні Достық үйінде этнос өкілдерімен және облыстық ассамблея белсенділерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа-жол жоқ!» тақырыбында кездесу өткізілді.
Наурыз және сәуір айларында Дін істері басқармасымен бірге діни бірлестіктер арасында кездесулер ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сәуір айында «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жұма күні жамағатқа «Парақорлық-індет, күресу-міндет» тақырыптарында уағыздар айтылды.
26 мамырда Халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында жалпыреспубликалық «Халық заңгері» акциясы өткізілді. Акцияға қала және аудан тұрғындары қатысып құқытық мәселелері бойынша заңға сәйкес түсіндірмелер берілді.
Жоба аясында БАҚ және азаматтық қоғам өкілдері, ғалымдар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру» тақырыбында үздік мақала, бейнеролик, тұрғындар арасында суреттер конкурсы а.ж. 22 қыркүйек айында өткізілді.
Аймақтағы журналистердің арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары» тақырыбында үздік журналисік жұмыстарға конкурс а.ж. қазан айында өткізілді.
Жалпы үлгілік базалық бағытының 4-жобасы аясында жұмыстар нұсқамаға сәйкес орындалуда.