Меню

Страницы

Статья

БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс жөніндегі бөлім бойынша 2023 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыс туралы

2023 жылғы І жартыжылдық есебі

Облыстың медиа кеңістігінде 148 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасауда.

Өңірлік коммуникациялар қызметі айқындықты, нақтылықты, ашықтықты қамтамасыз ете отырып, қоғамды біріктіретін ақпарат алаңына айналды. Ондағы 180 баспасөз конференциясының барлығы тікелей эфирден өтті. Жалпы брифингтің 30-46 шұғыл түрде ұйымдастырылды. Ал баспасөз конференциясына қатысқан 9217 спикер туындаған сауалдарға жауап беріп, мәселенің мән-жайына қанықтырды. Бұған қоса, республикалық және жергілікті БАҚ-қа 732  ақпарат жарияланды. Сондай- ақ 5 баспасөз туры ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, «Ашығын айтсақ...» , «Нүкте», «Жетістік формуласы», «Кәсіп қылам десеңіз»  хабарларында 100-ге ролик шықса, «Жақсы сөз-жан тынысы» айдары көрерменге жол тартты.

«Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша  130 215 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 92%-ын құрайды.

2023 жылға мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру қызметі бойынша 925734,0 мың теңге бөлінген.

Интернет сайттармен жұмыстар Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Ашық диалог» egov.kz порталында Қызылорда облысы әкімінің қатысумен онлайн режимінде түрлі тақырыптарда интернет-конференциялар ұйымдастырылады. 2023 жылдың І жартыжылдықта 8 интернет-конференция және 6 сауалнама жоспарланып, ұйымдастырылды. Интернет-конференцияда 28 сұрақ келіп түсіп, барлығына онлайн режимде уақытылы жауап берілді. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында республикалық және жергілікті  16 интернет сайтпен жұмыс жасалып келеді. Интернет-порталдарға күнделікті облыстағы имидждік бағыттағы жаңалықтар орналастырылады.

Дата публикации
20 июля 2023
Дата обновления
20 июля 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 июля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ақпарат
09 февраля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ережелер мен рәсімдер
12 июня 2025
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы