Меню

Страницы

Статья

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жасау бөлімі бойынша 2023 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыс туралы

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

2023 жылға арналған облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары әзірленіп бекітілді.

Күнтізбелік жоспар 311 тармақтан тұрады. Оның ішінде, қоғамдық-саяси маңызды оқиғалар, республика көлемінде аталып өтілетін атаулы даталар,
Қызылорда облысынан шыққан азаматтардың мерейтойлары мен өңірдің тарихи-мәдени және идеологиялық мазмұнын айшықтайтын шаралар бар.

Есепті кезеңде үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына және «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 34 жыл толуына орай еске алу митингілері мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай өңірдегі азаматтық қоғам өкілдері мен ҮЕҰ жетекшілерінің басқосуы және облыстық Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай басқарма басшысы
А. Есмаханов аймақтағы ҮЕҰ белсенділері мен БАҚ саласындағы нәзік жандыларды қабылдап, мерекемен құттықтады.

Бұдан бөлек, «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында 1500 дана ақпараттық брошюра баспадан шығарылып, 4 оқыту семинары мен 1 кездесу өткізілді.

 

Мемлекеттік әлеуметтік жобалар

2023 жылға облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы
130 жобаға 1 млрд. 6 млн. 319 мың теңге қаржы қаралған (13 бағыт қамтылған).

Оның ішінде, облыстық қоғамдық даму басқармасы арқылы 19 жобаға
275 млн. 237 мың теңге
қаржы бөлінді.

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы

Халықты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларымен қамту (нысаналы индикатор – 62%). 2023 жылдың 3 айында 325 түрлі форматтағы шаралар өткізіліп, оларға 111761 адам қатысты. Бұл облыс халқының 13,44% құрайды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларымен қамту бойынша
2023 жылдың индикаторында 516790 адам деп белгіленген.

3 айдың қорытындысымен 111761 адам қамтылды.

Меценаттар салған және жөндеген объектілер саны – 1. Жоспар 4% орындалды.

1 нысанның жалпы қаржысы – 500000 мың теңгені құрады.

Дата публикации
13 апреля 2023
Дата обновления
13 апреля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
13 июля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ақпарат
09 февраля 2026
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Ережелер мен рәсімдер
12 июня 2025
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы