Жастар саясаты
Статистикалық мәліметтерге сәйкес аймақта Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 28 жас аралығындағы
176 985 (2021 ж. – 176 300 жас) жас есепке алынып, жалпы халықтың
21,6%-ын құрады.
Анықтама ретінде: 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны 249 059, халықтың 30,1%-ы. Оның ішінде 106 713 (42,9%) – қала жастары, 142 346 (57,1%) - ауыл жастары.
2022 жылдың қорытындысымен жастардың жұмыссыздық деңгейі 4,0%-ды құрады.
Аймақта NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету бағытындағы жұмыстарға негізгі басымдылық берілген.
2022 жыл қорытындысымен бұл санаттағы жастардың үлесі
7,8%-ды (12 590) құрады (2021 ж. - 7,9%). Өңірлер арасында 3-ші сатыда
(Ұлытау облысы – 11,8%, Қарағанды облысы – 8,6%).
Анықтама ретінде: аталған статистикалық көрсеткіш 15-28 жас аралығындағы жастар бойынша берілген. 15-35 жас аралығындағы жастар бойынша 2023 жылғы І тоқсандағы ақпарат мамыр айында шығады.
Дегенмен, соңғы 5 жылдың ішінде NEET санатындағы жастардың үлесі 2,8%-ға (2017 ж.- 10,6%) төмендеді.
Сонымен қатар, ағымдағы жыл басында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан Қызылорда облысы бойынша
NEET санатындағы 11 297 жастың тізімі ұсынылған болатын.
Осыған орай, тізімде көрсетілген жастардың әлеуметтік санатын нақтылау мақсатында облыс көлемінде адрестік жұмыстар қайта қолға алынды.
Бүгінгі күнге NEET санатындағы 2 864 жас (25,3%-ы) бойынша мәліметтер «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіне енгізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар 2023 жылғы 1 мамырға дейін мерзімде толықтай аяқталатын болады.
Жастарды дамыту мен қолдауға 2023 жылға жергілікті бюджеттен
646,0 млн.теңге (2022 ж. 488,6 млн. теңге); оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 32 жобаға (2022 жылы – 20 жоба) 225,6 млн. теңге (2022 жылы – 180,2 млн. теңге), облыс бойынша жастар ресурстық орталықтарының аппараттық шығындарына (еңбек ақылары және өзге де төлемдер) 420,4 млн. теңге бөлінді.
Облыс көлемінде жастармен жұмыстарды 10 «Жастар ресурстық орталығы» үйлестіруде. Орталықтарда барлығы 146 маман қызмет жасайды.
2023 жылғы I тоқсаны бойынша мүдделі органдармен бірлесе отырып, жастарды жан-жақты қолдау және әлеуметтендіру бағытында 796 шара ұйымдастырылып, 27 315 мың жас қатыстырылды. Кеңес алғандар жастардың саны – 5465.
2023 жылы аймақ волонтерлерімен Түркия мемлекетінде орын алған жер сілкінісінен зардап шеккендерге 15 тонна гуманитарлық (киім-кешек, тұрмыстық тауарлар және т.б.) көмек жіберілді.
Жастардың негізгі көрсеткіштерін жақсарту, жастарды қолдау мақсатындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін облыстық қоғамдық даму басқармасына 2023 жылға 190,6 млн. теңге қаржы қарастырылды. Көрсетілген қаржыға 7 әлеуметтік маңызды жастар жобалары жүзеге асырылып, жастардың барлық санаттарын қолдау шаралары жүргізілуде.
Бүгінгі күні жобалар аясында «Жайдарман» ойындарының, «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының қалалық, аудандық іріктеу сайыстары өткізілуде.
Сонымен қатар, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қатарына тарту мақсатында қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылуда.
Өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас отбасыларға қолдау көрсету мақсатында «Сыр жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы» әзірленіп, облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының шешімімен бекітілді. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен
1 200,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, «Отбасы банк» АҚ тарапынан
500 млн.теңге қаржы қосымша қарастырылуда.2023 жыл соңына дейін бағдарлама аясында 100 жас отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда.