Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша
Қызылорда облысында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.
2023 жылдың І тоқсанында аймақта заңсыз наразылық акциялары орын алмады.
Есепті мерзімде жергілікті тұрғындардың қатысуымен 19 жиын орын алды. Оның ішінде, жер дауы-6, шетелдік көлік-4, еңбек дауы-2, білім саласы мәселесі-2, әскери комиссариаттың жұмысына наразылық-1, қамалғандарды босату туралы-1, «Ел дауысы» РҚБ қолдаушылары-1, Артспорт мәселесі-1, жүк көлік иелері-1.
Өткен жылдың І тоқсанымен салыстырғанда биылғы жылы жиындар саны 2 есеге азайған (2022 жылы І тоқсанда 34 жиын орын алған).
Наразылық акцияларын болдырмау мақсатында әлеуметтік-саяси шиеленістің алғышарттарын анықтау бойынша тұрақты мониторинг жүргізіледі. Мониторинг барысында анықталған өзекті мәселелер тоқсан сайын «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіледі.
Сайлау науқанының жариялануына байланысты қоғамдық-саяси ахуалға әсер етуі мүмкін деген 18 мәселе ағымдағы жылдың I тоқсанына арналған «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтар Картасына» енгізілді.
Анықтама ретінде: Оның ішінде, 6-жер мәселесі, 4-еңбек дауы, 3- тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, 2-медицина және Болашақ университеті жабылуы, 1-азық-түлік қымбаттауы, 1-көп балалы аналар, 1-шетелдік көлік бойынша мәселелер тіркелді.
Картаға енгізілген 18 мәселенің 4 мәселесі бақылаудан алынды (Болашақ университеті, «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің Сексеуіл локомотиві жөндеу депосы, «ҚуатАмлонМұнай» БК ЖШС, қатты отынмен (көмір) қамту).
Қалған мәселелер бойынша құқық қорғау органдарымен ведомствоаралық деңгейде жұмыстар үйлестірілуде.
Халық арасында «Әлеуметтік шиеленіс ошақтарын» қалыптастыруы мүмкін деген санатқа жататын 145 белсенді тұлғаның тізімі жасақталып, олар бойынша құқық қорғау органдарымен бірлесіп профилактикалық жұмыстар нәтижесінде ешқандай наразылық белгілері орын алмады.
Аймақ бойынша қоғамдық-саяси ахуал қатаң бақылауға алынған.
Мемлекет басшысының жаңа бастамалары мен идеяларын халыққа түсіндіру және наразылық жиындар кезінде тұлғалармен келіссөздер жүргізу мақсатында зиялы қауым өкілдерінен 71 спикер айқындалды.
І тоқсанда қоғамдық-саяси ахуал бойынша апта сайын аймақта наразылық тудыруы мүмкін мәселелерге болжам жасалып, облыс әкімідігіне ақпарат жолданып отырды. Онда аймақ бойынша 43 мәселе тәуекелдер болжам картасына енгізілді. Қазіргі уақытта олардың 30-і өзектілігін жойса, қалған 13 мәселе әлі де өзектілікке ие болып отыр.
Қазіргі таңда, «Ақпараттық талдау орталығы» бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес қоғамдық пікірді зерттеу арқылы облыстағы қоғамдық-саяси ахуалға әсер ететін жағдайлар мен өзекті мәселелерді анықтайды.
Есепті мерзімде, маңызды мәселелер мен тақырыптар аясында
8 тақырып бойынша әлеуметтанулық зерттеу ұйымдастырылып,
12585 тұрғын қатысты.