Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
Республика бойынша 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген болса, өңірлер бөлінісінде Қызылорда облысы алғашқы бестіктің құрамында.
Қызылорда облысы бойынша Әділет департаментіне тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың саны – 973 құрайды. Оның ішінде қоғамдық қорлар – 279, қоғамдық бірлестіктер – 451, бірлестіктер филиалдары – 243.
Аймақта тіркелген 973 ҮЕҰ-ның 200-ден астамы, яғни 25,0% белсенді түрде жұмыс жасауда және аймақтың қоғамдық дамуына ат салысуда.
ҮЕҰ-дардың қызметін жүйелендіру, олардың басын біріктіріп, мемлекеттік саясатты оңтайландырып іске асыру мақсатында 2006 жылдан бастап елімізде «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі құрылған. Қазіргі таңда «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдар Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігіне 73 ұйым мүше.
Облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер жанындағы кеңестер мен комиссиялар құрамында 250-ден аса үкіметтік емес ұйым өкілдері енгізілген.
Үкіметтік емес ұйымдармен ұдайы түрде байланыста болу, оларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2022 жылдан бастап Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығы жұмыс жасауда.
Облыс әкімімен 2026 жылға арналған 243 тармақтан тұратын облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Жыл көлемінде республика мен Сыр өңірінің дамуына өзіндік қолтаңбасы бар тұлғалардың мерейтойларын, атаулы даталар мен мерекелік күндерді атап өтуге арналған жасампаз жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік әлеуметтік жобалар
2026 жылы облыстық басқармалар, аудан және қала әкімдіктері арқылы 137 әлеуметтік жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда және әлеуметтік жобаларды іске асыруға жергілікті бюджеттен 1 млрд. 170 млн. теңге қаржы қаралды.
Қазіргі таңда, ҮЕҰ арасында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда 50 қоғамдық ұйым белсенді жұмыс жасауда.
Қоғамдық кеңестер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V ҚРЗ Заңына сәйкес жұмыс жасайды. 2021 жылғы 3 қаңтардағы №406-VI Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер Заңына сәйкес Қоғамдық кеңестердің нормаларына толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.
Қоғамдық кеңестердің мақсаты – азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру.
Қоғамдық кеңестердің міндеттері:
1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;
2) орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;
3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қызылорда облысында жалпы саны 9 Қоғамдық кеңес құрылған (1 облыстық, 1 қалалық және 7 аудандық).
Барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестер құрамында 150 адам бар.
Оның ішінде Қызылорда облысы – 32, Қызылорда қаласы – 19, Арал ауданы – 15, Қазалы ауданы – 15, Қармақшы ауданы – 13, Жалағаш ауданы – 12, Сырдария ауданы – 15, Шиелі ауданы – 15, Жаңақорған ауданы – 14.
Сапалық құрамы: Қоғам белсенділері мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері – 27, ҮЕҰ өкілдері – 25, кәсіпкерлер – 21 адам, саяси партия филиалдарының мүшелері – 14, мемлекеттік қызметшілер – 14, бюджеттік мекеме қызметкерлері – 10, Мәслихат депутаттары – 7, мәдениет саласының өкілдері – 7, БАҚ өкілдері – 6, білім саласының өкілдері – 5, денсаулық сақтау саласының өкілдері – 5, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері – 4, квазимемлекеттік сектор, ұлттық компания филиалдарының өкілдері – 3, дін саласының өкілдері – 2, басқа этнос өкілі – 1 адам.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯ ФИЛИАЛДАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
|
№ |
Партияның атауы |
Төрағасы |
Туған жері мен жылы |
Білімі және жұмыс өтілі |
Мекен-жайы, байланыс құралдары |
|
1. |
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы |
Базартай Жандос Нұртайұлы
|
1987 жылғы 16 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
|
2007–2012 – Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-да жастар саясатымен байланысты басшылық қызметтер; «Студент жастар одағы» ҚБ және «Жас Отан» облыстық филиалының жетекшісі. 2012–2014 – Қызылорда облысының жастар саясаты басқармасының бастығы. 2014–2015 – «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары. 2015 – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары; «Жас ғалымдар альянсы» ҚБ атқарушы директоры. 2015–2019 – Мәскеу, РФ Президенті жанындағы ХШжМБ Академиясының тыңдаушысы. 2016–2020 – Қорқыт Ата атындағы ҚМУ тәрбие және жастар саясаты басқармасының басшысы. 2019–2021 – Қорқыт Ата атындағы ҚУ-дың оқу-тәрбие және әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры (м.а. және толық) 2021 – «QYZYLORDA» телеарнасының «Ақиқат алаңы» бағдарламасының жүргізушісі. |
Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 2 kyzylorda@amanatpartiasy.kz |
|
2. |
«Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалы |
Сандыбаев Бауыржан Тұрсымбайұлы
|
1969 жылы 28 сәуірде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
|
1990-1995 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында «Экономика және менеджмент» және 2006-2008 жылдары Қазақстан-Ресей университетінде «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған. 2023 жылдың наурыз айынан бастап Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы қызметін атқарады. |
Қызылорда қаласы, Бөкейхан көшесі, құрылыс тұйығы, 39 8 700 130 87 14
|
|
3. |
«Қазақстан Халық партиясы» Қызылорда облыстық филиалы |
Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы |
1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
|
1984 жылы Қызылорда политехникалық техникумын «Гидромелиоративтік механикаландыру» мамандығы бойынша, 1991 жылы Ресейдің Новосібір аграрлық университетін «ауылшаруашылығы инженері» мамандығы бойынша, 2008 жылы Қызылорда гуманитралық университетін «есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылдан бастап Қызылорда облысының құрылысшылар ассоциациясын басқарып келеді. «Бақ-Береке» ЖШС директоры. |
Қызылорда қаласы, Қонаев көшесі, 10 а 8 700 500 34 84
|
|
4. |
«Ауыл» ХДПП Қызылорда облыстық филиалы |
Мұстафаев Садық Шоңмұрынұлы |
1966 жылы 15 қарашада Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Мәдениет ауылында дүниеге келген. |
1987 жылдан - қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының студенті (Алматы қаласы). 1991 жылдың шілдесінен - қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының жатақхана коменданты, 1991 жылдың қазанынан - кафедраның күрес бойынша оқытушысы. 1993 жылдан - СЖТ РЖСШМ күрес бойынша жаттықтырушысы (Алматы қаласы). 2001 жылдан - Алматы қаласының РСДБМИ аға жаттықтырушысы. 2005 жылдан бері - Қызылорда облыстық Турзим, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы. «Құрмет» орденімен марапатталған (2008). қазақша күрес бойынша ҚР спорт шебері, дзюдо бойынша Халықаралық дәрежелі төреші. |
Қызылорда қаласы, Панфилова 39 +7 777 076 1111
|
|
5. |
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Қызылорда облыстық филиалы |
Қожақов Ерғазы Алпысбайұлы
|
1977 жылы 21 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген.
|
1998 – 2005 жж. № 140 қазақ орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі. Қызылорда қаласы. 2006ж. «Жастар бастамаларын дамыту» орталығы, жоба үйлестірушісі. 2007-2008жж. Қызылорда облысы әкімінің Астана қаласындағы өкілі. Облыс әкімдігінің инспекторы. 2009 – 2010жж. Астана қаласының әкімдігі Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының бас маманы. 2010ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде сарапшы 2011ж. «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының консультанты, партиялық ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі. 2012 ж. «Ақтолқын» ЖШС директорының кеңесшісі. 2012ж. «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының консультанты. 2015 – 2016жж. «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының «Партиялық бақылау жөніндегі» инспекторы. 2017ж. Ұлттық кәсіпкерелер палатасы Қызылорда облысы, Сырдария аудандық филиалының директоры. 2018ж. Осы кезге дейін «Әділет Құрылыс сервис» ЖШС директоры. |
Қызылорда қаласы, Желтоқсан, 70 8 771 421 06 60 kyzylorda@osdp.kz |
|
6. |
«Baytaq» Жасылдар партиясының Қызылорда облыстық филиалы |
Ысматуллаев Руслан Серікұлы
|
1990 жылғы 1 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген. |
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы. 1990 жылғы 1 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген. Білімі жоғары – Қарағанды экономикалық университетінің түлегі. Еңбек жолын 2011 жылы «АИС Қызылорда» ЖШС-де жерге орналастыру инженері ретінде бастаған. 2015–2019 жылдары Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінде бас маман, 2019–2021 жылдары «ҚазМұнайГазКонсалтинг» ЖШС-де инженер болып жұмыс істеген. 2021 жылғы сәуірден бастап «RS-ЖОЛ СЕРВИС» ЖШС директоры қызметін атқарып келеді. |
Қызылорда қаласы, Ақирек тұйығы, 6 8 701 164 57 07 |
|
7. |
«Respublica» партиясының Қызылорда облыстық филиалы |
Сейтжанов Даурен Музарапұлы
|
1984 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.
|
2001-2005 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген, 2016-2021 жылдары Almaty Management University Іскерлік Әкімшілендіру Магистрі. Жұмыс өтілі – 20 жыл. |
Қызылорда қаласы, Д. Қонаев көшесі, 10А 8 747 540 26 55 8 707 549 00 84 kyzylorda.RE@respublica-online.kz |
Қызылорда облысындағы саяси партиялар туралы АҚПАРАТ
Қызылорда облысында 7 саяси партияның филиалы жұмыс істейді. Саяси партиялардың облыстық филиалдарында 85-мыңға жуық облыс тұрғындары (дауыс беруге құқығы бар 495 500 сайлаушының 16,8 %) тіркелген.
Облыс әкімдігі мен саяси партиялардың 7 филиалы және олардың басшыларымен сындарлы диалог орнатылып, бірлескен жұмыстар жүргізілуде.