Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің 2026 жылғы І тоқсанда атқарған жұмыстары туралы

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ

       Өңірімізде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жұмыстары Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп келеді.

       Тіл саясатын іске асыруда Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ жеке тұлғаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылуда.

       2026 жылғы І тоқсанда Тіл орталығы арқылы барлығы 215 адам, оның ішінде  82 мемлекеттік тілді, 79 орыс тілін, 54 ағылшын тілін оқыту курстарынан өтіп, сертификат алды.

       Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» әлеуметтік жобасы іске асырылатын болады. 

         21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай, «Заң мен тәртіп қағидаты» аясында 2026 жылғы 20 ақпанда «Тәртіп пен жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі» тақырыбында ашық диктант өткізілді.

         2026 жылғы 19 наурыз күні ұлттық құндылықтарды, мәдениет пен өркениетті, руханият пен ұлттық болмысты насихаттау, сондай-ақ патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қала және аудан қызметкерлері арасында «Этно Quiz» интеллектуалдық сайысы өткізілді.

         Жыл басынан бері 9 мекемеге оқу-әдістемелік құралдар таратылып,
5 республикалық, облыстық, аудандық басылымдарда мақала жарық көрді.

         Орталықтың әлеуметтік желі парақшасында «Сөзтүзер», «Ұлылар ұлағаты», «Трендтегі сленгтер», «Practical english» айдарлары үздіксіз жүргізіліп келеді.

         Сонымен қатар, «Сыр өңірінің эргонимдері» әлеуметтік жобасы бастау алды. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдарымен кездесу өтті.

         Кәсіпкерлік нысандардың көрнекі ақпараттарында тіл туралы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында  ақпараттық-түсіндірме және зерделеу жұмыстарын жүргізудің  2026 жылға арналған облыстық жұмыс жоспары бекітілді.    

         Есепті мерзімде жоспарға сәйкес  Қызылорда қаласы мен аудандарда 27 рейд жұмыстары жүргізіліп, кемшілік анықталған 12 нысан иесіне ұсыным хаттар мен ескертулер берілді. Көрнекі ақпаратты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының нормаларына сәйкестендіру бағытында 8 іс-шара ұйымдастырылды.

Дата публикации
15 апреля 2026