2026 жылдың І тоқсанында басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 77 өтініш келіп түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 38, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер – 37 ұжымдық өтініштер – 2. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімде жауаптары берілді.
Басқарма басшысының 2025 жылғы 1 сәірдегі №02-04/10 бұйрығымен басқарма басшысы мен орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бекітілген. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, облыстық мекемелер үйі ғимаратының 1 қабатында орналастырылған.
Есепті кезеңде басқарма басшысы мен орынбасарларының жеке қабылдауында 7 азамат болды. Қабылдау барысында көше атауын беру, «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу, тұрғын үй мәселесі және мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар бойынша т.б. ұсыныстар түскен. Барлық өтініш иелеріне заңдылыққа сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.