Соңғы статистикалық ақпаратқа сәйкес облыс халқының 96,3% қазақ, 3,7% түрлі этностық топтан құралады.
Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруда облыстық ҚХА құрамында 11 этномәдени бірлестік және 9 қоғамдық құрылым жұмыс атқарады. Сонымен қатар Қорқыт Ата атындағы ҚУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығымен тығыз әріптестік байланыс орнатылған.
Ағымдағы жылғы 1 тоқсанда жоспарлы түрде және жоспардан тыс онлайн/офлайн форматта барлығы 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 4 мыңға жуық адам қамтылды.
Мәселен, 10 қаңтарда Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Мәдениеттер тоғысы» фестиваль өтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлері мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылық өкілдері қатысты.
17 ақпан күні Қызылордадағы «Кристалл» мейрамханасында Корей этносының Жаңа жылы – «Соллаль» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
22 ақпан Қызылорда қаласындағы Достық аллеясында «Славяне» этномәдени орталығының «Масленица – 2026» мерекесі аталып өтті. Ашық аспан астында ұйымдастырылған думанды шараға 500-ге жуық қала тұрғыны жиналды.
7 наурыз Қызылорда қаласы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен татар этномәдени бірлестігі ұйымдастырған 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған дәстүрлі концерт өтті.
23 наурыз «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қызылорда облыстық «Славяне» орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Православ» шіркеуінің ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, аймақтағы этносаралық келісімді одан әрі арттыру бағытындағы жұмыстарды ақпараттандыру және осы мәселеде бүкіл халықтық жұмылдыру мақсатында есепті мерзімде әлеуметтік желілерде 441 жарияланым, 196 бейнеролик, республикалық және облыстық БАҚ пен интернет ресурстарда 117 материал жарық көрді.